16-18 сәуір аралығында «Ақмола ЭҮК» АҚ базасында «ОАЭК» АҚ компаниялар тобының қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша алтыншы өзара аудиті өткізілді. Холдингке қарасты еншілес компаниялардың өкілдері Ақкөл ЭТК, Астрахань ЭТК, Шортанды ЭТК, «Красный Яр», «Мичурино», «Ақкөл», «Алексеевка» шағын станцияларында болып, сондай-ақ, Ақмола облысы аудандарындағы қызмет көрсету орталықтарының жұмысымен танысты.
Өзара аудит дәстүрлі түрде ҚжЕҚ жағдайына мониторинг жасау және Корпорация еншілес ұйымдары арасында қоршаған ортаны қорғауды басқару бойынша өзара әрекет етуді қадағалау мақсатында ұйымдастырылады. Аудит аясында өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғаужағдайы тексеріледі.