«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Петропавл 2-ЖЭО-да  Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтановтың қатысуымен жаңа №8 қазандық агрегаттың салтанатты ашылу рәсімі өтті.  Электр мен жылу энергиясын өндіруде жоғары жетістіктерге қол жеткізуге талпыныстарымен солтүстікқазақстандық энергетиктер Мемлекет Басшысының «Нұрлы жол – Путь в будущее» Жолдауына өз үлестерін қосуда.

Жаңа іске қосылған №8 қазандық агрегатты «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Бас директоры Леонид Ларичев пен Петропавл 2-ЖЭО директоры Виктор Бармин таныстырды.

№8 қазандық агрегатты салу тарихы 2004 жылда ескі БКЗ-220-100-Ф қазандығын демонтаждаудан бастауын алады. Кәсіпорын 2010 жылы Е-270-9,8-540КТ жаңа қазандық агрегатын жеткізуге «Сибэнергомаш» ААҚ-мен (Барнауыл қ.) келісім-шарт жасасып, 2011 жылы жабдықты орнату алдындағы дайындық жұмыстары басталған болатын. 2012 жылы станцияда толықтай құрастыру жұмыстары жүргізілді. Ең алдымен іргетастың негізі салынды, одан кейін тіректер тұрғызылып, қазанның барабаны орнатылды. 2013 жылы кәсіпорын жылыту беттерінің, тартым-үрлеу машиналарының, циклондар мен айырғыштардың құрастыруын орындады. 2014 жылы шаң-газ-ауа күрежолын, шар-барабанды диірменді және технологиялық үдеріспен басқарудың автоматтандырылған жүйесін (бұдан әрі ТҮ БАЖ) даярлап құрастырды. №8 қазандық агрегат ағымдағы жылдың қазан айында іске қосылды.

Жобаның құны – 5,062 813 639 млрд. теңгені құрайды (өзіндік қаражат – 3,459 704 285 млрд. теңге, тартылған несие қаражаты – 1,603 109 354 млрд. теңге).

№8 қазандық агрегатты іске қосу нәтижесінде, бу бойынша станцияның орнатылған қуаттылығы сағатына 270 тоннаға өсті, қазандықтардың пайдалы әрекет жалпы коэффициенті 88,98% жетті, ол жылына 2768 тонна көмірді үнемдеуге мүмкіндік береді.

Бұдан бұрын, 2013 жылы № 6 және 7 қазандық агрегаттар қайта құрастырылған, ал 2015 жылы №12 қазандық агрегатты қайта құру жоспарлануда. Жаңа қазандық жабдығының ерекшелігі – технологиялық үдеріспен басқарудың автоматтандырылған жүйесі болып табылады. Қазіргі заманғы жүйе, операторлардың автоматтандырылған жұмыс орындарын құруымен (ТҮ БАЖ тобының машинисі мен инженері), іске қосу мен тоқтатуды қоса, барлық пайдалану режимінде бақылау мен басқарудың толық масштабты атқарымдарымен, қазандықтың жұмысын автоматтандыруға арналған.
Өзінің құрамына жоғары деңгейінің бағдарламалары мен техникалық құралдарын және төменгі деңгейінің құрылғыларын (тетіктер мен орындаушы механизмдер) қосады. Жүйе, жылу электр орталығының екі қазанында – алтыншы және жетінші, сондай-ақ, жаңа №4 турбоагрегат орнатылған. Жабдықты жаңғырту, қайта құру мен жаңарту бойынша кең ауқымды кампания аясында жаңа жабдықты іске қосу «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Петропавл 2-ЖЭО-да жыл сайын өткізіледі. Осылайша, станцияда 2013 жылғы желтоқсан айында жаңа №4 турбоагрегат пайдалануға берілген. Қазіргі заманғы, техниканың соңғы жетістіктері бойынша құрастырылған турбина, Солтүстік Қазақстан облысы мен Петропавл қаласына қосымша 63 МВт электрлік және 52,5 Гкал жылу қуаттылығын берді, ол өз кезегінде 2014 жылдың ағымында электр энергиясы өндірісін 106 млн. кВт/с ұлғайтуға мүмкіндік береді.

2014 жылы «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Петропавл 2-ЖЭО-да №1 турбинаны ауыстыру бойынша жұмыстар басталды, оны пайдалануға беру 2015 жылы қазан айында жүзеге асырылады.  Турбоагрегатты іске қосу станцияның белгіленген қуаттылығын 21 МВт ұлғайтуға мүмкіндік береді. Келесіде 5-турбинаны ауыстыру жоспарланған, ол белгіленген қуаттылыққа 62 МВт өсім береді.

Қазандықтарды енгізу есебінен станцияның бу өндіруінің өсуі мен кейін № 1 және 5 турбоагрегаттарды енгізу 2016 жылдың соңына қарай станцияның белгіленген қуаттылығын 541 МВт-қа дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бүгінде «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Петропавл 2-ЖЭО-ның белгіленген электр қуаттылығы 434 МВт, ал белгіленген жылу қуаттылығы – 791,65 Гкал/сағ құрайды.

«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ
Қоғаммен байланыс бөлімі