Астана басқарама колледжі, энергеника факультетінің 3–4 курс струденттеріне «АЭҮК» АҚ оқу орталығында практикалық сабақ өтті. Практикалық сабақтың тақырыбын студенттер өздері таңдаған: «Электрлік көліктер және трасцформаторлар. Асинхронды қозғалтқышты жіберу».
Оқу орталығының шебері Чайников Юрий балаларға үш фазалы асинхронды қозғалтқыштың электрлік сызбасымен таныстырып, оны құрастыру элеметтерін көрсетіп және онымен жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік техникасын түсіндірді. Оқу орталығының бөлмесі техникалық түрде жақсы жабдықталған, сондықтан да теорияны бекіту асинхронды қозғалтқыштың өзінде өтті. Студенттердің онымен жұмыс жүргізуге мүмкіндіктері болды.
Оқу орталығының бастығы Алексей Садовский студенттермен сабақ кезінде қауіпсіздік техникасы бойынша дәріс өткізді. Ол энергетиктер жұмысы үшін өз өмірін тәуекелге тігеді, сондықтан уақытылы және дұрыс алғашқы көмек көрсете алуды білу қажет екенін айтты. Сабақ кезінде студенттер дәрігерге дейінгі көмекке не кіретінін білді: алғашқы көмектің дұрыс көрсетуін білдіретін және компьютерге қосылған арнайы манекенді-жаттығу құрылғысына жүрекке тура емес массаж жасау мен жасанды тыныс алдыруды үйренді.
Оқу орталығында өткен сабақ - Астана және Ақмола обылысының 8 оқу орындары мен «АЭҮК» АҚ арасындағы жас мамандарды қолдау бағдарламасының негізінде жүзеге асырылды. Мұндай ынтымақтастық оқу ғимаратында алынған теориялық білімнің өндірісте алынған практикалық икеммен байланыстыруға мүмкіндік береді.