«Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ-ның Қызылжар АЭЖ оқу-жаттығу полигонында электр тарату желілерін пайдалану бойынша оперативті-жөндеу қызметкерлерінің дәстүрлі кәсіби сайысы өтті.

2019 жылы бірдей балл жинаған (410 балл) Жамбыл және Мамлют АЭЖ бригадалары үздік шықты. Сайыс шартына сай, бірінші орын «Білім тексеру» жарысында үздік шыққан бригадаға берілетіндіктен, бірінші орын Жамбыл АЭЖ бригадасына бұйырды. Тиісінше, екінші орынды Мамлют АЭЖ электромонтерлері қанжығаға байлады. Үздік үштікті Қызылжар АЭЖ бригадасы түйіндеді. «Үздік шебер» аталымында Қызылжар АЭЖ шебері Қайрат Ахметов топ жарса, «Үздік электромонтер» атағын Мамлют АЭЖ электромонтері Кирилл Чеботарь иеленді.