«ЦАТЭК Green Energy (ЦАТЭК Грин Энерджи)» ЖШС қызметкері – арнайы техника операторы Қайыркелді Сейітов «Top Driver SDLG 2022» кәсіби шеберлік байқауына қатысы.

Еліміздің 25 үздік машинисті, соның ішінде Қайыркелді, арнайы техниканы басқаруда күрделі маневрлерді орындау шеберлігі мен дәлдігін көрсетті.

Жарыс барысында операторлардың алдында бірқатар ерекше міндеттер тұрды: экскаватор шөмішімен тауық жұмыртқасын түсіру, өс бойынша шеңбер жасау және оны орнына қайтару; сіріңке қорабын жабу және шыны шөлмектің қақпағын жүк тиегішпен ашу. Бұл ретте конкурстың тәжірибелік бөлімі басталғанға дейін қатысушылар теориялық біліктілік іріктеуінен өтті. Қайыркелді Сейітов байқаудың барлық кезеңдерінде маневр жасауда, фронталды тиегішті басқаруда өз шеберлігін көрсетіп жарыстың финалисті болып атанды. Құттықтаймыз!

Байқаудың мақсаты – мамандық ерекшеліктерін ашу, жастардың техникалық мамандықтарға деген қызығушылығын ояту. Байқаудың ұйымдастырушысы – Sevalo отандық компаниясы – SDLG маркалы құрылыс техникасының дистрибьюторы. Ойын-сауық байқауы Алматы қаласында алғаш рет өтті. Келесі ұқсас іс-шара ағымдағы жылдың күзінде Шымкент қаласында жоспарлануда.