Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Энергетик күнін мерекелеу қарсаңында «ОАЭК» АҚ-ның қызметкерлері кәсіптегі жетістіктері үшін салалық және корпоративтік наградалармен марапатталды.
Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығының «Құрметті энергетигі» атағы «ЦАТЭК Green Energy (ЦАТЭК Грин Энерджи)» ЖШС-нің бас инженері В.Гарбовскийге берілді.
«ОАЭК» АҚ өндірістік-техникалық департаменті директорының орынбасары Е.Күдербеков саланың дамуына қосқан үлесі үшін Қазақстан Электр энергетикалық Қауымдастығының Құрмет грамотасымен марапатталды.
Кәсіби шеберлігі, жоғары өндірістік жетістіктері үшін «ОАЭК» АҚ Құрмет грамотасымен келесі қызметкерлер марапатталды:
- «ОАЭК» АҚ бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры Э.Исмагулова;
- «ОАЭК» АҚ тәуекел-менеджменті департаментінің директоры И.Горькаев.
Өз кезегінде, адал еңбегі, жауапты көзқарасы үшін «ОАЭК» АҚ-ның Алғыс хатымен келесі қызметкерлер марапатталды:
- «ОАЭК» АҚ өндірістік-техникалық департаменті директорының орынбасары Қ.Көшербаев;
- «ОАЭК» АҚ Корпоративтік даму секторының бастығы С.Қуанбек;
- «ОАЭК» АҚ Жобаларды басқару және ақпараттық жүйелерді дамыту департаментінің жоба менеджері Ж.Медетбекова;
- «ОАЭК» АҚ экономикалық қауіпсіздік департаментінің жетекші маманы Б.Қалиев;
- «ОАЭК» АҚ экономикалық қауіпсіздік департаментінің жетекші маманы Ә.Сулеймбеков;
- «ЦАТЭК Green Energy (ЦАТЭК Грин Энерджи)» ЖШС жобалық менеджері Н.Сарбасов.
Марапаттау рәсімі барысында «ОАЭК» АҚ-ның Директорлар кеңесінің төрағасы А.Клебанов, «ОАЭК» АҚ-ның акционері С.Кан және «ОАЭК» АҚ-ның Басқарма Төрағасы Б.Орал ұжымына жылы лебіздерін білдірді. Компаниялар тобының басшылығы әріптестеріне жоғары кәсібилігі мен ортақ іске адалдығы үшін алғыс білдірді. Үздік қызметкерлерді марапаттау Холдингтің еншілес компанияларында да өтті.