2014-2015 жылғы күз-қыс кезеңінде «Солтүстік Қазақстан Электр желісін Тарату Компаниясы» АҚ тұтынушылары өздерін жайлы сезініп, жеткізілетін электр энергиясының сапасы мен тұрақтылығына сенімді болуы үшін компания жабдықтарды жөндеу мен жаңарту бойынша барлық қажетті шараларды іске асырды.
2014 жылы электр желісін тарату компаниясы күзгі-қысқы кезеңге дайындық шаралары аясында тарифтік қаражаттар мен «Негізгі жабдықтарды құрастыру, қайта құру және жаңарты» инвестициялық бағдарламасының қаражаттарына жөндеу және жаңарту жұмыстарын жүргізді.
Инвестициялық бағдарлама аясында 1 млрд теңгеден астам қаражатқа кәсіпорын 38 км кабель және 10/04 кВ әуе желілерін қайта құру, «Жылу желілері» 35/10 кВ шағын станциясындағы 10/0,4 кВ тарату құрылғыларын ауыстыру жұмыстарын атқарды. Бұлардан бөлек, кәсіпорын облыс пен қаладағы 2 шағын станцияның трансформатор қуатын арттыру, Петропавл қаласы мен Солтүстік-Қазақстан облысының 7 шағын станциясында құрылғыларды жаңарту және ауыстыру жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр.
«Солтүстік-Қазақстан Электр Желісін Тарату Компаниясы» АҚ жыл сайын жүргізіп отырған кең ауқымды жөндеу жұмыстары құрылғылардың тозу деңгейін төмендету, электр энергиясының шығындарын азайту және ең бастысы тұрғындарды үздіксіз энергиямен қамту болып табылады», – дейді «Солтүстік-Қазақстан Электр Желісін Тарату Компаниясы» АҚ бас директоры Александр Рейзлин.
«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Қоғаммен байланыс бөлімі