"СЕВКАЗЭНЕРГО" АҚ-ның еншілес компаниясы - "СҚ ЭТК" АҚ мамандары - биыл Солтүстік Қазақстан облысындағы 6 қосалқы станцияға күрделі жөндеу жүргізуде. Жұмыстар тұтынушыларды электрмен жабдықтау сенімділігін арттыру мақсатында жүргізіледі.
Жөндеу науқаны барысында Петропавл қаласында, М.Жұмабаев ауданының Урожайная ауылында, Жамбыл ауданының Жаңажол ауылында, Городецкое және Шал ақын ауданының Ұзынжар ауылдарда орналасқан трансформаторлық қосалқы станциялар жөнделетін болады. Жөндеуді орындау объектілердің ғимараттары мен жабдықтарын мерзімінен бұрын тозудан қорғауға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, келесі іс-шаралар өткізілді: бекітілген жоспарға сәйкес желілерді оңтайландыру, КТПН10/0,4 кВ және ПС 110/35/10 кВ қуаттарды азайту және ұлғайту.
Тұтынушыларды электрмен жабдықтау сенімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар Петропавл қаласында және облыстың 3 елді мекенінде орындалуда. Олардың ішінде: Есіл ауданының Явленка ауылы, Қызылжар ауданының Новоникольск ауылы, Булаев қаласы М. Жұмабаев ауданы.