Алматыда «Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы» АҚ («ОАЭК» АҚ) Директорлар кеңесінің отырысы өтіп, онда 2016-2020 жылдарға даму Стратегиясы қабылданды. Бұл құжат Компанияның стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізудегі әрбір қадамын, басымдықтарын және ресурстарын айқындайды.
Құжатқа сәйкес, Компанияның стратегиялық мақсаты – электр және жылу энергиясымен қамтамасыз ету саласындағы өндіріс, тасымал және энергияны тұтынушыларға жеткізуді үздіксіз әрі сапалы жүеге асыратын вертикалды түрде біріктірілген жеке энергетикалық компания құру болып табылады.
Стратегияда «ОАЭК» АҚ-ның үздік индустриялық стандарттарға және экология саласындағы әлемдік стандарттарды игеруге қол жеткізуге талпынатыны айтылған. Қабылданған құжат «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасында Бірыңғай электроэнергетикалық жүйенің энергетикалық инфрақұрылымын бекемдеу бойынша алға қойылған міндеттер есепке алына отырып жасалған. Сондай-ақ, Корпорацияның даму стратегиясында заманауи энергетикалық нарықты дамыту, жалпыәлемдік трендтер талаптары да ескерілген.