«Петропавл Жылу Желілері» ЖШС-да Егемен Қазақстан көшесі бойындағы ЖТ№2 жылу торабының бөлігі қайта қалпына келтірілді. Бұл жоба Еуропалық Қайта құру және Даму Банкі (ЕҚДБ) мен Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі ұсынған қаржылай қарызының арқасында іске асты.
Энергетиктердің айтуынша, Букетов көшесінен Абай көшесіне дейінгі жылу торабының дәл осы бөлігін (ЖК-2-31 жылу камерасынан ТК-2-35-а жылу камерасына дейін) қайта жасауға желілердің 95%-ға дейін қатты тозғандығы себеп болды. Жұмыс ара-қашықтығы 972 метрді құрады. Жаңа құбыр желісін төсеу кезінде заманауи қуатүнемдеуші технология – алдын ала оқшауланған құбыр желісі пайдаланылды. Алдын ала оқшауланған құбыр желісі бұл – болат құбырдан, пенополиуретан жылу өткізбейтін қабаттан және тығыздығы жоғары полиэтилен сыртқы қабаттан жасалған «сэндвич» сияқты конструкция.
«Пенополиуретанмен алдын ала оқшауланған құбыр (яғни ППУ-құбырлар) жылу өткізбеудің жоғары көрсеткіштеріне ие, бұл өз кезегінде жылу жоғалтуды біршама азайтады, сонымен қатар жемірілуге төзімділігін арттырады. Мұндай құбырдың орташа жарамдылық мерзімі – 25 жыл. 2017 жылы №2 жылу торабында жұмысты жалғастырмақпыз: Егемен Қазақстан көшесі бойынша 1 114 метр жылу желісі алмастырылатын болады», - деді «Петропавл Жылу Жүйелері» Қайта құру және модернизациялау Басқармасының басшысының міндетін атқарушы Юрий Ламаш.
Жалпы 2016 жылы жылу беретіндер ППУ-құбырларды пайдалана отырып шамамен 4 км жылу торабын қайта қалпына келтіруді жоспарлап отыр. Бұдан өзге, келесі, 2017 жылы ЕҚДБ қарызының, бюджеттік көмекқаржының және «Петропавл Жылу Жүйелері» ЖШС-ның өз қаржысының аясында кәсіпорын Алтынсарин көшесі бойындағы ЖТ№1, Мира көшесі бойындағы ЖТ№5 жылу тораптарын, Ульянов көшесі бойындағы жылу таратушы желілерін, сонымен қатар Промышленный және Жуков көшелері бойындағы №15 жылу торабының жылу сақтауын қайта қалпына келтіру жұмыстарын жоспарлап отыр.
Қоғаммен байланыс бөлімшесі
«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ