Өнер - оның балалық шақ кезінен ең үлкен құмарлығы. Оның алғашқы сөздерінің бірі «каляданочка» - қарындаш болды. Өнер адаммен бірге жаратылады. Петр Петрович Бузан әрдайым сурет салуға, өз идеяларын қағаз бетіне түсіруге және оларды іске асыруға ұмтылды.
Петр Петрович 1958 жылы Заураловка ауылында дүниеге келген. Орта мектепті бітірген соң, 1976-1978 жылдары аралығында Германияда кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің құрамында болып, танк командирі ретінде қызмет атқарды. Мәскеу халық өнер университетін суретші-көркемдеуші мамандығы бойынша сырттай бітірген. Саналы өмірі бойы қырнаушы болып еңбек атқарды. Бұл жай ғана техникалық мамандық емес, ең алдымен қолөнер, біресе өнер. 46 жылдық жалпы және 26 жылдық «АЭҮК» АҚ Степногорск қалалық ЖЭЖ-дегі еңбек өтілі бар біздің кейіпкеріміз қырнаушы мамандығы бірегей екені және оны кез келген адам меңгере алмайтынын аңғарды. Бұл жерде ең бастысы сызбаларды түсініп қана қоймай, қырнаушы станокта жұмыс істеу дағдысын меңгеру ғана емес, көзбен шамалау ептілігі, дене күші мен төзімділігі, ең бастысы, кеңістіктік қиялдың болуы маңызды.
Оның әуесқойлығы ретінде әрқашан қабырға газеттері мен маңдайшаларды безендіру болған. Петр Петрович бірнеше бейнесурет салған, бірақ үйінде тек біреуі ғана сақталған - әйеліне сыйлық. Өнерден басқа оның тағы бір құмарлығы - саяжай. Гүлдер мен басқа бақша дақылдарын отырғызу күнделікті жұмыстан алшақтатады. Петр Петрович мойындайды: оның құс жасап жатқаны түсіне енді. Осыдан өз түсін жүзеге асыруға шешім қабылдап - осылайша кәсіпорын аумағында ләйлек, қоқиқаз, үкі мен қыран пайда болды. Өзінің еңбегі мен құмарлығы арқасында адамдарға қуаныш сыйлау – Петр Бузанның өмірлік ұстанымы болып табылады.