20 ақпан 2018 жылы «Астанаэнергосбыт» ЖШС-нің Б.Момышұлы 4/1 үй мекенжайы бойынша орналасқан орталық кеңсесі жөндеу жұмыстарынан кейін қайта ашылды. Жаңартылған кеңседе күту алаңы айтарлықтай кеңейді, тұтынушылардың қызмет көрсету сапасын бағалау жүйесі енгізілді.
Орталық кеңсе компанияның жаңа фирмалық стиліне сай безендірілген. Өткен жылдың желтоқсанында ребрендинг шеңберінде №1 және №4 қызмет көрсету орталықтары жаңартылған.
Орталық кеңсе клиенттерге аптасына 6 күн бойы қызмет етеді. Жеке тұлғаларды қабылдау дүйсенбіден жұмаға дейін 09.00-ден 19.00-ге дейін іске асады, сенбі күндері — 09.00-ден 18.00-ге дейін.
Келушілерге барлық жағдай жасалған, электрондық кезек жүйесі жұмыс істейді. Сапалы және тез қызмет көрсету мақсатында зал администраторы қызметі қосылды.
Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қызметкерлерді шақыру белгісі мен пандус орналасқан, бейімделуді жеңілдету үшін кеңсеге кіретін жерде жанасу плиткасы мен ресепшн тұратын жерде пиктограмма қарастырылған.
Залда суы бар кулер мен алғашқы медициналық жәрдем аптечкасы бар.
«Астанаэнергосбыт» ЖШС тұтынушыларға қызмет көрсету деңгейі мен сапасын көтеруге тырысады. Жақын арада компанияның басқа да қызмет көрсету орталықтары жаңартылады.