2015 жылдың ақпан айында ISO 31000:2009 халықаралық стандартының талаптарын тереңірек түсініп білу және қолданыстағы тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру мақсатымен «ОАЭК» АҚ компаниялар тобының тәуекел менеджерлеріне арналып «Ішкі аудит және ISO 31000 стандарты бойынша тәуекел менеджментіне кіріспе» тақырыбында корпоративтік тренинг ұйымдастырылды.
Тренинг аясында стандарттың негізгі ережелері, принциптері мен талаптары айтылып, аталмыш стандарттың талаптарына сәйкестік бойынша аудит жүргізу ережелері мен талаптары қозғалды. ISO 31000 стандартын қолдану «ОАЭК» АҚ компаниялар тобында менеджмент жүйелерін интеграциялауға бастап, тәуекелдерді басқару процесіне қатысы бар барлық өзара іс-әрекеттің жақсаруына жағдай жасайды. Бұл өз кезегінде мақсатқа жету мүмкіндігін арттырады, болуы мүмкін қауіп-қатерлерді анықтауды жақсартады және топ тәуекелдерін басқару ресурстарын тиімді бөлуге және қолдануға жол ашады.