Павлодар 3-ЖЭО-сында станциялық №6 турбоагрегатты күрделі қайта құру аяқталды, нәтижесінде турбинаның орнатылған қуаты 125 МВт дейін ұлғайды. Барлық жылу электр орталығының жалпы орнатылған қуаты енді 555 МВт құрайды. Жобаны іске асыру кезінде жаңа технологиялар қолданылып, оны Қазақстан және ТМД аумағында бірегей етті.
«Жобаның жұмысын біз 2016 жылы бастадық, – деп әңгімелеп берді «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ Бас директоры Олег Перфилов. – Бұл қажет болды, өйткені турбоагрегат 1977 жылдан бері жұмыс істеп келді және өзінің парктік ресурсын тауысты. Турбоагрегатты ауыстыру – бұл біздің Орал турбина зауытымен, Новосибирьдің «ЭЛСИБ» ғылыми-өндірістік бірлестігімен, «GERB» неміс компаниясымен және «Севказэнергопром» жобалау институтымен бірлескен жұмысымыздың нәтижесі.
Жаңа агрегат салмағы 358 тонна болатын темірбетон мұнараларда орналасқан болат жақтауда орнатылды. Болат жақтау мен мұнаралар арасында «GERB» фирмасының 12 виброизоляторы орнатылды. Мұндай шешімнің бірегейлігі қазіргі Қазақстан мен ТМД елдерінің аумағында соған ұқсас жобалардың жоқтығында. Германия инженерлерінің басшылығымен барлық 12 виброизоляторды құру және баптау орындалды, турбина конденсаторының астына серіппелі элементтер орнатылды. Турбоагрегатты құру ең қысқа мерзімде – нормативтік 12 айдың орнына бес жарым айдың ішінде орындалды.
6-шы турбинадан басқа 1, 2, 4, 5-ші агрегаттар модернизациялаудан және реконструкциялаудан өтті. Сөйтіп, 3-ЖЭО-ның турбина цехы 90 пайызға жаңартылды, шығындардың жалпы сомасы 35 миллиардтан астам теңгені құрады. Мұндай ауқымды жұмысты орындау 2009-2015 жылдарда қолданыста болған электр энергиясына арналған шекті тарифтер бағдарламасының, сондай-ақ «Орталық-Азиаттық Электрэнергетикалық Корпорациясы» АҚ акционерлерінің жан-жақты қолдауының арқасында мүмкін болды.
Павлодар 3-ЖЭО-сының жабдығына жүргізілген реконструкция Павлодар қаласының тұтынушыларын жылу және электр энергиясымен сенімді қамтамасыз етуге, Павлодардың энергия торабынан тыс жерден неғұрлым қымбат электр энергиясын сатып алуды қоспағанда, Павлодар облысының тұтынушылары үшін тарифтің өсуіне жол бермеуге, сондай-ақ Павлодар мен оның еркін экономикалық аймағының меншікті өндірістің қымбат емес электр энергиясына өсіп отырған мұқтаждығын кепілдеуге мүмкіншілік береді.
Павлодар 3-ЖЭО-сын қайта құру құрамына «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ кіретін «Орталық-Азиаттық Электрэнергетикалық Корпорациясы» АҚ инвестициялық бағдарламасының бір бөлігі болып табылады. «ОАЭК» АҚ өндірістік объектілерінде модернизациялау жобаларын іске асыру компания жұмыс істейтін өңірлерді электрмен және жылумен үздіксіз жабдықтауға мүмкіндік туғызады.