«ОАЭК» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен Игорь Юрьевич Ильин Басқарма Төрағасының коммерция жөніндегі жаңа орынбасары болып тағайындалды.
Бұған дейін бұл қызметті Александр Нигай атқарып келген.
Игорь Ильин Қазақстан-Британ техникалық университетін бітірген.
2013 жылы инженерлік қызметтер, жобалау, өнеркәсіпке инновациялық тәсілдерді енгізу бойынша әлемдік көшбасшы Worley Parsons компаниясында тағылымдамадан өтті.
Әр жылдары «Қазақ мұнай және газ институтының ғылыми-зерттеу орталығы» ЖШС және «Aventis group» ЖШС Бас директоры болып жұмыс істеді. 2020 жылдан бастап «Самұрық-Энерго» АҚ Сауда үйінің басшысы, одан әрі – «Самұрық-Энерго» АҚ Даму және сату жөніндегі басқарушы директоры лауазымын атқарды. Автоматтандырылған басқару жүйелерін енгізу, электр энергетикасында инновациялық жобаларды ілгерілету саласында жұмыс тәжірибесі бар.
Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, «ОАЭК» АҚ Басқармасы қазіргі уақытта төрт адамнан тұрады: Басқарма Төрағасы Б.Е. Орал, Басқарма Төрағасының коммерция жөніндегі орынбасары И. Ю. Ильин, Басқарма Төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары С. В. Ли, Басқарма Төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары Л. Л. Янушко.
«ОАЭК» АҚ-ның Қоғаммен байланыс департаменті
Тел.: +7 717 2645777, іш.1027
Email: pr@energy.kz