Жыл сайын 28 сәуірде атап өтілетін Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнінде «ОАЭК» АҚ-да «ОАЭК» АҚ Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары Л.Янушконың төрағалығымен кеңейтілген кеңес өтті. Кездесу онлайн-режимде «ОАЭК» АҚ еншілес компаниялары мен құрылымдық бөлімшелері басшыларының қатысуымен өтті.
«ОАЭК» АҚ Еңбекті қорғау және экология қауіпсіздігі департаментінің директоры Р.Зинатулиннің айтуынша, компаниялар тобында жазатайым оқиғалардың алдын алуға және қызметкерлердің қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында жоспарлы жұмыс жүргізілуде. ЕҚЭҚД ақпаратына сәйкес , 2020 жылдың қорытындысы бойынша компаниялар тобы өндірістегі барлық жарақаттану оқиғаларының жиілік коэффициенті 2019 жылмен салыстырғанда төмендеді. 2021 жылдың 1 тоқсанында Компания кәсіпорындарында жазатайым оқиғалар тіркелген жоқ. Дегенмен, бүгінгі күні компаниядағы Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы қызметті үйлестіру бөлігіндегі тәсілдерді қайта қарау қажеттігі пісіп-жетілді. Ағымдағы және одан кейінгі жылдары еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды басқару жүйесін жетілдіру, қызметкерлерді оқыту мен оларға нұсқау беру сапасын арттыру мәселелеріне көбірек көңіл бөлінетін болады.