Павлодар ЖЭО-2 және ЖЭО-3-те 2024 жылғы инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша жұмыстар аяқталуда. Табиғи монополияларды реттеу Комитеті Департаментінің өкілдері, депутаттар, жұртшылық, БАҚ өкілдері инвестициялық бағдарламаның және «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасының жүзеге асырылу барысымен танысты.
Биылғы жылы қазандық агрегаттарын жаңғыртуға және Павлодар ЖЭО-2 және ЖЭО-3-те күл үйіндісін салуға 3 млрд.теңгеден астам қаражат инвестицияланды. Оның ішінде инвестициялық жобаларға 1,82 млрд. теңге бөлінді, тағы 2,04 млрд.теңге «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы аясында іске асырылды.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ инвестициялық жобаларының қатарында ауа жылытқыштардың текшелерін ауыстыра отырып, № 4, 5 (ЖЭО-2) және № 1, 3, 5 (ЖЭО-3) қазандық агрегаттарын жаңғырту маңызды орын алады.
Ауа жылытқыш текшелерін ауыстыра отырып, қазандық агрегаттарын жаңғырту - күл тозуын азайту, ауа жылытқыштардың пайдалану мерзімін қалпына келтіру және қазандықтардың тиімділігін арттыру үшін қажет. «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ генерациялау объектілерінде ауа жылытқыштардың текшелерін ауыстыра отырып, қазандық агрегаттарын реконструкциялау бойынша жылуда бекітілген инвестициялық бағдарламаны орындаудың жалпы сомасы 134,9 млн.теңгені құрайды.
Сондай-ақ, «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасының инвестициялық бағдарламасы аясында қазандықтардың ауа жылытқыштарының текшелерін реконструкциялауға 2,04 млрд.теңге қарастырылған.
Инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде Павлодар ЖЭО-3-те 144,5 млн. теңге сомасына №1 ағартқышты қайта жаңарту жүзеге асырылуда.
Өнімділіктің 400 м3/сағ-тан 500-600 м3/сағ-қа дейін ұлғаюымен ЖЭО-3 №1 ағартқышты реконструкциялауды орындау химиялық тазартылған су мен буды тұтынудың өсуіне байланысты қажет. Жұмыстар ведомстводан тыс кешенді сараптамадан өткен және оң қорытындысы бар «Өнімділікті арттыра отырып, «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ ЖЭО-3 су дайындау қондырғысын (ЖПУ) реконструкциялау» жобасына сәйкес орындалады.
Сондай-ақ, биыл инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде ЖЭО-3 күл үйіндісінің 3-ші кезегін салу, 2-ші іске қосу кешенін 1,17 млрд.теңге сомасына түзету жұмыстары басталды.
ЖЭО-2 күл үйіндісі орнының 2/3 бөлігі толған, сондықтан жаңа орынды уақтылы дайындау жұмыстары алдын ала басталды (қаражатты ұтымды пайдалану мақсатында бұл нысан ЖЭО-3 және ЖЭО-2-ге қызмет көрсете алады). Жұмыстар «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ ЖЭО-3 күл үйіндісінің 3-ші кезегін салу» жұмыс жобасына сәйкес орындалады.
2024 жылғы жөндеу компаниясы шеңберінде, сондай-ақ инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде жүргізілетін барлық жұмыстар, ең алдымен, алдағы күзгі-қысқы кезеңде станция жабдықтарының сенімділігін арттыруға, тұтынушыларды үздіксіз жылумен және электрмен жабдықтау үшін жағдайлар жасауға және ҚР заңнамасының нормативтік-техникалық талаптарын орындауға бағытталған.