«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ-на қарасты «Солтүстік Қазақстан электр желілік тарату компаниясы» АҚ-ның орталық диспетчерлік қызметінде кәсіпорында электр энергетикалық кешеннің нысандарын цифрландыру аясында орнатылған SCADA жүйесі таныстырылды. Шараға «ОАЭК» АҚ Бас директорының бірінші орынбасары Дүйсенбай Тұрғанов және Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Руслан Алишев қатысты.
SCADA жүйесі – осы уақыттағы мәліметтерді жинауға, өңдеуге және басқаруға мүмкіндік беретін мониторинг жүйесі болып табылады.