«ОАЭК» АҚ компаниялар тобында үстіміздегі жылыдң сәуірінде Дүниежүзілік Еңбекті қорғау күніне арналған шаралар ұйымдастырылды. Олардың қатарында «Мен каска кидім» челленджі, аудиттер, қызметкерлердің балалары арасындағы байқаулар, отбасылық қауіпсіздік техникасы күндері бар болса, бұл шараларды екінші кеңейтілген отырыс түйіндеді.
Басқосуда «ОАЭК» АҚ еншліес компаниялары бірінші басшыларының 2018 жылы және 2019 жылдың бірінші ширегінде қауіпсіздік және еңбекті қорғау салалары бойынша атқарған жұмыстары туралы баяндамалары тыңдалды. Айта кету керек, 2018 жылы жарақаттану жағдайлары өткен жылмен салыстырғанда 29%-ға төмендеді. Алайда 2019 жылдың бірінші ширегінде екі қайғылы оқиға орын алды. Өндірістегі еңбек қауіпсіздігі жағдайларын жақсарту мақсатында «ОАЭК» АҚ Бас директорының Бірінші орынбасары Дүйсенбай Тұрғанов 2019 және 2020 жылдарға арналған мақсаттар мен міндеттерді айқындап берді. Негізгі екі мақсат – өліммен аяқталған қайғылы оқиғаны болдырмау және 2019 жылы 2016 жылмен салыстырғанда қайғылы оқиғалар санын 70%-ға төмендету болып табылады.
Сондай-ақ, ол еншілес компаниялардың жетекшілеріне жуыну және демалыс бөлмелерін жөндеу, жақсарту, қайта құру бойынша жұмыс жүргізуді тапсырып, Корпорацияда әлеуметтік жұмыстар ұйымдастыру қажеттігіне тоқталды. Қызметкерлерді сапалы арнаулы киіммен, жеке қорғаныс заттарымен, арнаулы тағаммен, қауіпсіз жұмыс жағдайымен және демалыспен қамтамасыз ету – басты назарда болуы тиіс.