2016 жылғы 1 наурызда Қазақстан республикасында тұңғыш рет аталып отырған Алғыс айту күнінде «ОАЭК» АҚ Өндірістік-техникалық департаментінің Экология, қауіпсіздік және еңбекті қорғау басқармасы Компанияның Астана қаласындағы өкілдігінің қызметкерлеріне арнап «Зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету» тренингін ұйымдастырды. Шара аясында жаңа қызметкерлерге қауіпсіздік пен еңбекті қорғау бойынша кіріспе инструктаж өткізілді.