Петропавл тұрғындары үшін арнайы ұйымдастырылған бұқаралық тыңдау барысында «Севказэнергосбыт» ЖШС энергетиктері 2019 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қызмет қорытындылары туралы есеп берді. Тыңдауға қатысушылар алдында «Севказэнергосбыт» ЖШС бас директорының міндетін атқарушы Мағауия Сағандықов баяндама жасады.
Энергиямен қамтушы ұйымның басшысының айтуынша, «Севказэнергосбыт» ЖШС қызметі бірінші кезекте тұтынушылардың электр және жылу энергиясына деген сұранысын қанағаттандыруға бағытталады. Компания 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында 799,28 мың Гкал жылу энергиясын өткізген.