«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ электр энергиясын тұтынуды есептеу мен бақылауды оптимизациялау бойынша кең ауқымды жұмыстар жүргізуде. Егер өткен екі жылда дистанциялық есептегіштер 5 мыңнан астам павлодарлық абоненттің баспанасына орнатылған болса, үстіміздегі жылы жаңа 12 мың есептегіш құралын орнату жоспарланып отыр.
Бірінші кезекте электр есептегіштері жеке үйлерде орнатылатын болады, өйткені дәл осы секторда электр энергиясының көлемді шығындары тіркеледі. Құралдардың бағасы есептеу түріне қарай, 30 – 80 мың теңге аралығын құрайды, алайда есептегіштерді ауыстыру шығындары бекітілген инвестициялық бағдарлама аясында энергия беруші мекемелердің мойнына түседі.
Бұрынғы есептегіштерден айырмашылығы, жаңа есептеу құралдары бақылаушының қызметін қажет етпейді, олар көрсеткіштерді өздері беріп, абонентті желіге қосып не өшіреді, онлайн жүйесінде энергияны тұтынуға талдау жасай алады.