«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ энергетиктері жылу беру маусымына дайындық шеңберінде ұсыныстар мен техникалық талаптар жазылған «Ортақ жылу» жинағын ұсынды. Басылым ПИК қызметкерлеріне, сонымен қатар пәтерлер мен жеке меншік тұрғын үй иелеріне арнап шығарылған.
«Үйдің жылымайтынына тұрғындар шағымданғанда 80 пайыз жағдайда «Павлодар жылу желілерінің» кінәсі жоқ» - деді жинақтың таныстырылымында «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ бас директоры Олег Перфилов. — Биыл біз ПИК-пен, тұрғындармен, әкімшілікпен байланысымызды нығайта түстік. ПИК-тердің бәріне көпқабатты үйлердің ішкі жылыту жүйелерін жуып-шаюды компания есебінен жүргізуге уәде бергем. Бір ғана шарт бар — үйлердің қысқа дайындығына қажет қалған 80 пайыз шаралар жасалуы тиіс. Қалай жуып-шаю керегін біз барып, көрсетуге дайынбыз».
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» басшысы жылу берушілер жуып-шаюдің қажеттігін дәлелдей алатынына және жылу жетіспеушілікке байланысты шиеленістердің алдын алуға болатынын көрсетпекші. — Дұрыс жуып-шайған жағдайда жылумен қамтудың 90% мәселесі шешіледі. Тұрғындар қайта есептету үшін бізге келмейді. ПИК бар шығынды төлеуге дайын емес екенін түсінемін — желілік су қазір қымбат. Жылыту жүйесін тегін жуып-шаюдың жолын «Ортақ жылу» жинағынан оқыңыздар, — деді Олег Перфилов.
Жинақ 5 мың данамен шығарылды. Электрондық нұсқалары «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» және «ЦАЭК»сайттарында бар.