«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ жыл сайынғы «Парыз» бизнестің әлеуметтік жуапкершілігі байқауында «Экологияға қосқан үлесі үшін» аталымында екінші орын иеленді.
«Экологияға қосқан үлесі үшін» аталымын қоршаған орта жағдайын сақтау және жақсарту саласында ерекше көзге түскен байқау қатысушылары иеленеді. Байқау қорытындысы бойынша 2018 жылы номинанттар қатарына «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ қосылды.
Өндірістік қызметтің негативті ықпалын төмендету мақсатында компания жыл сайын бірқатар тиімді табиғат қорғау шараларын толықтай жүзеге асырады.
«Соңғы он жылдықта кәсіпорында қазандық және турбиналық қондырғыларды кең ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізілді: жаңа №8 қазандық агрегат және №1, 4 және 5 турбоагрегаттар орнатылып, № 6, 7 және 12 қазандық агрегаттар қайта құрылды. 2017 жылдан бастап станцияда №2 күл үйіндісінің №3 секциясының қоршау бөгетін биіктету жұмыстары жүргізілуде. 2019 жылы күл үйіндісінің жұмыстары толық аяқталған соң, оның сыйымдылығы 7,3 млн м3-қа артпақ. Сондай-ақ, Петропавл 2-ЖЭО-ның АТҚ-ларында жоспарлы түрде май ажыратқыштарын элегазды ажыратқыштарға ауыстыру жұмыстары жүзеге асырылуда. Бұдан бөлек, 2017 жылы сынама орталығы құрылып, оның құрамына экологиялық мониторинг бойынша сынақ зертханасы мен металл және дәнекерлеу зертханасы енді. Орталық аккредиттеу саласын кеңейту процедурасынан өтіп, қазір сәтті қызмет көрсетіп жатыр. Бұлар және аталмаған өзге де шаралар бізге қоршаған ортаға ең төмен ықпал тигізуге мүмкіндік береді», – дейді «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Петропавл 2-ЖЭО қоршаған ортаны қорғау бөлімінің басшысы Анна Айтикеева.
2017 жыл қорытындысы бойынша аймақ экологиясына ықпал етуді төмендету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар нәтижесі ретінде көміртек қостотығының қалыптасу көлемінің 313,942 мың тоннаға, көміртек қостотығының өндірілген өнімнің бірлігіне шаққандағы бөлшектік көлемінің 0,026 мг/МВт∙с-қа төмендеуін атауға болады. Сондай-ақ, азот тотығының қалыптасу көлемі 457 тоннаға, күкірт қос тотығы – 979 тоннаға, күл – 187 тоннаға төмендеді.