2016 жылы «ОАЭК» АҚ-нда жас мамандарды қолдау жүйесі бойынша «PROFENERGY» жобасы жүзеге асырылуда. Жоба аясында 2016 жылғы 20 маусымда «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Петропавл қаласы студенттері арасында ғылыми жұмыстар конкурсын қорытындылады.
Конкурс Петропавл қаласы жоғарғы және орта-арнаулы оқу орындарымен бірге компания үшін салалық болып табылатын мамандықтар бойынша білім алып жатқан үшінші курс студенттері арасында өткізілді. Конкурс жеңіспаздары энергетикалық компания атынан дипломдар мен корпоративтік стипендиялармен марапатталды. Жарысқа ақытсқан М.Қозыбаев атындағы солтүстік қазақстан мемлекеттік университеті, Солтүстік қазақстан кәсіби педагогикалық колледжі және Петропавл темір жол колледжінің студенттері ұсынылған тақырыптардың бірін таңдап, «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Қызметкерлермен жұмыс басқармасына өтініш берген болатын. Одан әрі әрбір қатысушы студентке таңдаған тақырыбы бойынша жауапты қызметкер бекітіліп, ол ақпарат жинауда бар мүмкіндігінше қолдау көрсетті. Ал тақырыптарды әзірлеу мен жұмыстарды бағалауға «СЕВКАЗЭНЕРГО» кәсіпорны басшыларынан құралған мамандар комиссиясы жауапты болды.