«Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы» Қазақстанның ірі компанияларының алғашқы ашықтық рейтингінде үздік ондыққа кіріп, 8 орын иеленді. Компанияның жиынтық бағасы – мүмкін 10 балдың 7,3-іне тең. Зерттеуді «Эксперт РА Қазақстан» рейтинг агенттігі «Курсив» республикалық іскери апталығымен бірлесіп жүргізді.
«Эксперт РА Қазақстан» агенттігінің бас директоры Әділ Мамажановтың айтуынша, рейтингке қазақстандық 100 ірі компания енген. Олардың әрбірі өз саласына, өңірге, жалпы экономикаға айтарлықтай ықпал етеді. Зерттеуде қолданылған ақпарат көздерінің негізгілері: компанияның корпоративтік есептері мен құжаттары, жылдық есебі, сайты, қор биржасы мен қаржылық есептілік депозитариі сайттары болып табылады.
Айта кетейік, «ОАЭК» жылдық есебі соңғы үш жыл қатарынан қаржылық емес сектордағы үздік бестікке еніп келеді.