Энергетиктер Павлодар облысы бойынша ТМРКД, үкіметтік емес ұйымдар және өңірлік БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Павлодар жылу желілері» ЖШС инвестициялық жобаларды іске асыру барысы туралы баспасөз туры барысында айтып берді. 712 766 мың теңге – 2021 жылы «Павлодар жылу желілері» ЖШС инвестициялық бағдарламаларын іске асыруға жоспарланған жалпы сома.
Инвестициялық бағдарламаларды іске асыру шеңберінде 2021 жылы электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі және телеметрия жүйесі (ЭКЕАЖ) пайдалануға енгізілді.
ЭКЕАЖ электр энергиясын тұтынуды автоматтандырылған есепке алуды және бақылауды ұйымдастыруға, сондай-ақ жылу беру жабдығының жұмысы процесінде энергия тұтынуды басқару сапасын жақсартуға арналған.