«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ-да Солтүстік Қазақстан бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің бастамасымен «Болашаққа жемқорлықсыз – бірге!» акциясы ұйымдастырылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ энергетиктер ұжымымен кездесті. Кездесу барысында топ мүшелері жемқорлыққа қарсы әрекет сұрақтары бойынша пікірлерін білдірді, «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ қызметкерлерін осы мәселеге қатысты азаматтық позиция ұстануға шақырды. Сыбайлас жемқорлықтың салдарын көрсету үшін жоғары шенді шенеуніктер мен мемлекеттік компаниялардың топ-менеджерлерінің ұсталуы жайлы тақырыпқа сай бейнероликтер көрсетілді. Энергетиктер өз тарапынан мұндай шаралардың өзектілігін айтып, мобильді топқа қызықты да, түсінікті материалдары үшін алғыс айтты.