2016 жылғы 29 қаңтарда Алматыда «Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы» АҚ басқару, бақылау және есеп процестерін автоматтандыру бойынша жобаларды енгізу бойынша Басқарушы комитетінің отырысы өтті.
БК отырысы аясында Холдингтің компаниялар тобына қарасты еншілес ұйымдар қызметкерлеріне арналған IT-жобалардың барлық бағыттары бойынша арнайы таныстырылымдар өткізді. IT-мамандар пайдаланушылардың бағдарламаларды меңгеру барысында алдарынан шыққан барлық мәселелер бойынша толық ақпарат беріп, түсіндіру жұмыстарын жасады.
Айта кету керек, өндірістік процестерді басқаруды, бақылауды және есептеуді автоматтандыру «ОАЭК» АҚ Компаниялар тобының даму стратегиясының бір бағыты болып табылады.