2009 жылдан бастап  «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Петропавл 2-ЖЭО станциясының негізгі активтерін жаңарту бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде, соның нәтижесінде соңғы онжылдықта өндірістік көрсеткіштер айтарлықтай артты. Алайда электр энергиясын өндіру көлемін арттыра отырып, компания қоршаған ортаға әсерді азайтуға бағытталған іс-шаралар туралы ұмытпайды. Бұл "СЕВКАЗЭНЕРГО" АҚ-ның қызметі қоршаған ортаға ұқыпты қарау және өңір халқының өмірі мен денсаулығына қамқорлық жасау қағидаттарына негізделгенін білдіреді.