28 сәуір — Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні қарсаңында «ОАЭК» АҚ және оның еншілес ұйымдарында қауіпсіздік пен еңбекті қорғау бойынша «Қауіпсіз өндіріс» атауымен бірқатар шара өтеді.

Қауіпсіздік пен еңбекті қорғау «ОАЭК» АҚ-ның басым құндылықтарының бірі және Компанияның бизнес-жүйесінің ажырамас бөлігі болып қарастырылады. «ОАЭК» АҚ Қауіпсіздік және еңбекті қорғау Саясаты бойынша келесідей негізгі мақсаттар қойылған:

  • Қызметкерлердің денсаулығы мен өмірінен құнды ештеңе жоқ;
  • Компанияның негізгі құндылығы — оның қызметкерлері;
  • Әр қызметкер қауіпсіздік үшін жауап береді;
  • Компанияның табыстылығы қызметкерлердің қауіпсіздік талаптарын орындауына тікелей байланысты;
  • Компанияның негізгі мақсаты қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне дайындық аясында бірінші еншілес компаниялардың басшыларының «Қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарын орындау маңыздылығы» тақырыбында видеоүндеулері жазылды. Бұл видеоүндеулерді коллективтік жиындарда және болашақта қызметкерлерге кіріспе нұсқамалық жүргізгенде көрсету жоспарлануда.

Компанияларда еңбек және өндіріс тәртіптерінің жағдайына, еңбекті қорғау мен қызметкерлердің еңбек шарттары жағдайына, өндірістік процестер технологиясының қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне, ғимараттар мен құрылыс алаңдарының техникалық жағдайы, нысандардың өрт қауіпсіздігі жағдайы, өрт-қарауыл дабылдарының болуы және дұрыс жұмыс істеуіне аудит жүргізілді.

Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні қарсаңында «Балалар көзімен еңбекті қорғау» балалар шығармашылығына Байқау ұйымдастырылды. Байқау шартына сәйкес қызметкерлердің балалары мен немерелері ата-аналарының жұмыс орнындағы қауіпсіздік пен еңбекті қорғау сұрақтарына қатысты шығармашылық жұмыстарын дайындайды. Барлық қатысушыларға сыйлық беріледі.

Тағы бір маңызды шара — Отбасылық қауіпсіздік және еңбекті қорғау күні. Бұл шара Компания қызметкерлерінің отбасы мүшелерінің қатысуымен өтеді. Шара бірнеше бөлімнен тұрады: кәсіпорын территориясында экскурсия, кәсіпорын жайлы, «Тұрмыстағы электрқауіпсіздік», «Өрт қауіпсіздігі» тақырыптарында видеороликтер көрсету. Сонымен қатар қауіпсіздік пен еңбекті қорғау бойынша үздік қызметкерлерді мадақтау және жас қызметкерлер байқауын жүргізу жоспарлануда. Байқау форматы «ОАЭК» АҚ ЕК командалары арасында «Ең маңыздысы - қауіпсіздік» тақырыбында жарыс өтізуге бағытталған.

Өткізілетін шаралардың негізгі мақсаттары — өндірістік жарақаттанулардың алдын алу, қауіпсіз еңбекті насихаттау және қызметкерлердің еңбек процесінің қауіпсіздігі жауапкершілігін көтеру.