2016 жылдың 21 қарашасында «Қазақстан қор биржасы» АҚ (KASE) ресми тізімінің қысқа мерзімді (коммерциялық) облигацияларға арналған жаңа секторындағы бірінші қаржы құралдары — «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ және «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ эмитенттерінің облигацияларының листингіне орай Биржаның медиа-брифингі болып өтті.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ және «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ облигациялары KASE ресми тізімінің «Коммерциялық облигациялар» секторына енгізілді. «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ және «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ облигацияларының шығарылым шарттары бірдей және мынадай параметрлерді қамтыған: шығарылатын облигациялардың саны — 10 млн дана купондық облигациялар (қамтамасыз етілмеген); номиналды құны бойынша шығарылым көлемі — 1 млрд теңге; бір облигацияның номиналды құны — 100 теңге; облигациялар бойынша купондық сыйақының мөлшерлемесі — айналыста болу мерзімі бойы тиянақталған, номиналды құнынан жылдық 13 %; купондық сыақыны төлеу мерзімділігі — жылына екі рет, айналыста болу мерзімі — 1 жыл.
«Коммерциялық облигациялар» секторы ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын, листингілік компаниялардың жылдам және арзан қысқа мерзімді қаржыларды тарту мұқтажын қанағаттандыру мақсатында жасалған. Осындай облигациялар үшін Ұлттық Банкте тіркеудің жылдамдатылған процедурасы және листингтің жеңілдетілген процедурасы қарастырылған. Бұл қаржы құралы листингілік компанияларға жылдам және қажетіне қарай айналым қаржыларын толықтыруға мүмкінлік береді. «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ және «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ алғашқы болып KASE жаңа өнімін пайдаланды«, — деді өз сөзінде KASE басқармасының мүшесі, бизнесті дамыту жөніндегі басқарушы директор Қ.Ж. Тұрмағамбетов.
Осы кездесуде «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ және «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ эмитенттерінің өкілдері компанияларының әрі қарай дамуының жоспарларымен бөлісіп, ұйымдар қызметінің көрсеткіштер динемикасын және ағымдағы жобалар туралы ақпараттар мен жуырдағы уақытқа болжамды көрсеткіштерін айта кетті.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ және «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ кірістілік пен операциялық тиімділіктің тұрақты көрсеткіштерінің тұрақты өсімін көрсетті.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ бас директоры О.В. Перфилов айтқандай, 2009 жылдан бастап компания энергетикалық жабдықтар жұмысының сенімділігін, тұтынушыларға көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру үшін инвестициялық бағдарламаны іске асыруда. «2009 жылдан бастап 2015 дейін шекті тарифтердің мемлекеттік бағдарламасының қолданыста болу кезеңінде, модернизация мен ескірген және тозған жабдықтардың модернизациясы мен жаңартуына және өндірістің экологиялық стандарттарын жақсартуға 47,4 млрд теңге инвестицияланды. Жобаларды табысты іске асыру көмегімен станциялардың 2018 жылға дейін электр қуаттылығы қазіргі 662 МВт-тен 677 МВт дейін өседі», — деді Перфилов мырза.
«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ бас директорының орынбасары А.А. Язовскаяның айтуы бойынша, 2009 және 2015 жылдар аралығындағы компанияның Петропавл ТЭЦ-2 генерациялық жабдықтардың модернизациясы мен жаңартуына инвестициялары 30,7 млрд теңгеге жетті. Осы кезде станцияда жаңа № 5 турбоагрегаттың құрылысы және № 12 котлоагрегаттың масштабты қайта құрылуы аяқталуда, осыдан кейін станцияның жалпы электрқуаттылығы 541 МВт жетпек.
Қатысушылар «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ және «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ жылумен қамту секторындағы жобаларын іске асыратыны туралы да айта кетті. Осылайша, 2016 жылдың қазан айында «Нұрлы Жол» бағдарламасына сәйкес Еуропалық Қайта құру Банкі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Экономика министрлігі және компаниялармен жасалып, қол қойылған үш тарапты келісім-шарттар шегінде, Петропавл, Павлодар және Екібастұз өңірлерінің жылу желілерінің модернизациясына 26 млрд теңге қаражаты жұмсалады, соның арқасында 2020 жылдың соңына дейін жылу энергиясын берудегі нормативтен үстем шығындар жоққа шығарылады.
Осы эмитенттердің қаржылық кеңесшісі және облигациялар шығарылымдарының андеррайтері болып табылатын, «Астана-Инвест» Инвестициялық Үйі" АҚ мәліметтері бойынша биржада орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда- саттықтар 2016 жылдың 30 қарашасында болып өтеді.
Анықтама үшін
«Қазақстан қор биржасы» АҚ (KASE) Орталық-Азия өңіріндегі жетекші және өз қызметін Қазақстанның қаржылық нарығында жүзеге асыратын жалғыз қор биржасы болып табылады. Бұл репо нарығының құралдары, мемлекеттік және корпоративтік бағалы қағаздардың, халықаралық қаржы институттарының облигацияларының, сондай-ақ туынды қаржы құралдарының әмбебап сауда-саттық алаңы.
KASE Дүниежүзілік биржалар федерациясының (WFE), Еуро-Азиялық қор биржалардың федерациясының (FEAS) және басқа да халықаралық отандық кәсіби бірлестіктердің мүшесі болып табылады. 2015 жылы KASE БҰҰ «Қор биржалар тұрақты даму үшін» бастамасына қосылды. KASE ТМД биржалары арасында бағалы қағаздар сауда-саттығының көлемі бойынша 2-ші орынға иеленіп, FEAS биржаларының акциялар нарығының капитализациясы бойынша топ-5 кіреді.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ — Павлодар облысында электр және жылу энергиясын өндірумен, жеткізумен және сатумен айналысатын, вертикальды интеграцияланған компания. Энергетикалық жүйеге Павлодар ТЭЦ—2, ТЭЦ—3, Екібастұз ТЭЦ, «Павлодар Электржелісін бөлу компаниясы», Павлодар және Екібастұз қалаларының жылу жүйесінің кәсіпорындары, «Павлодарэнергосбыт» ЖШС кіреді. Электрстанцияларының жалпы қуаттылығы 662 МВт, жылу энергиясы бойынша белгіленген қуаттылығы 2240 Гкал/сағ.
«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ — Солтүстік-Қазақстан облысының энергиямен қамтамасыз етудің барлық буындарын — генерация, жеткізу және сатуды қамтитын, вертикальды интеграцияланған компания. Компания құрамына генерациялайтын кәсіпорын — Петропавл ТЭЦ-2, энергия жеткізуші кәсіпорындар — «Солтүстік-Қазақстан Электржелілік компаниясы» және «Петропавл Жылу Желілері» ЖШС, сондай-ақ «Севказэнергосбыт» ЖШС кіреді. 01.11.16 жағдай бойынша белгіленген ТЭЦ-2 электр қуаттылығы 479 МВт, жылу энергиясы бойынша — 678 Гкал/сағ.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ және «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ «Орталық-Азиялық Электрэнергетикалық Корпорациясы» АҚ вертикальды интеграцияланған энергетикалық холдингтің құрамына кіреді.