2017 жылдың қазанында «ОАЭК» АҚ-ның қауіпсіздік және еңбекті қорғау (ҚжЕҚ) үшінші өзара аудиті өтті. Бұл жолы компаниялар тобының қауіпсіздік және еңбекті қорғау қызметтерінің өкілдері Астанада, «АЭҮК» АҚ, «АЭҮК-Энергосбыт» ЖШС және «Астанаэнергосбыт» ЖШС кәсіпорындарында кездесті.
Өзара аудиттер 2016 жылдан бері «ОАЭК» АҚ-ның барлық кәсіпорындарында тұрақты тәжірибеге айналды. Шараны өткізу кезінде Корпорацияның электрмен қамтитын және электр тарататын барлық еншілес ұйымдарының қауіпсіздік және еңбекті қорғау өкілдері қатысады. Шығу шаралары компанияның қызметтерімен танысуға, жұмыс шарттарын бағалауға және ҚжЕҚ-ды тиімді басқару мен қауіпсіз еңбек шарттарын жүзеге асыру бойынша тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.
Астанадағы үшінші аудит барысында «АЭҮК» АҚ, «АЭҮК-Энергосбыт» ЖШС және «Астанаэнергосбыт» ЖШС қызмет көрсету орталықтарына сапар кезінде аудиторлар тобының әр мүшесі жұмыстардағы оң өзгерістерді атап өтіп, кемшіліктерді теңдестірді және ҚжЕҚ басқармасында құжаттарды жүргізу, корпоративтік процедураларды, регламенттерді және ҚжЕҚ бойынша стандарттарды енгізу бойынша ұсынымдар берілді.
Келесі ҚжЕҚ бойынша өзара аудит 2018 жылы мамырда «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ-да өткізу жоспарланып отыр.