2019 жылғы 26 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласының Конгресс орталығында «Энергия көздерінің болашағы: инновациялық даму» атты тақырыпта KAZENERGY XII Еуразиялық форумының ашылуы өтті. Аталған іс-шара осы аптада Қазақстан елордасында Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауымен KAZENERGY қауымдастығы өткізіп жатқан KAZAKHSTAN ENERGY WEEK 2019 (KEW) басты халықаралық оқиғасы болып табылады.
Пленарлық сессия барысында айтылған негізгі мәселелер – нарықтағы жаһандық өзгерістер жағдайларында тұрақты энергетикаға көшу, көбінесе, дәстүрлі шикізат көздері – мұнай мен газдың есебінен бүкіл дүниежүзінде энергияға деген өсіп келе жатқан сұраныс, қолда бар энергия ресурстарын дамыту және жаңа көздерін іздеу, сондай-ақ оларды тұтынушыларға тұрақты жеткізу мүмкіндіктері.
Форумның ашылуында сөз сөйлеген Қазақстанның Премьер-Министрі Асқар Мамин айтқандай, қазіргі уақытта дүниежүзілік энергетикалық нарықтың барлық қатысушылары сын-тегеуріндерден өтуі үшін барлық жаһандық күштерін біріктіру қажет. «Қазақстан болашақ рецессия қатерлеріне байланысты энергетикалық нарық пен жаһандық экономиканың тұрақтылығы мен болжамдығын қолдау қажет, - деп атап өтті ол. – Бүгін KAZENERGY қауымдастығы конструктивті диалог жасау үшін тамаша мүмкіндік берді және осында индустрия мен халықаралық қоғамның ең үздік өкілдерін жинады». ҚР Үкіметінің басшысы энергетикалық жеткізілімдердің тұрақтылығы мен болжамдығының арқасында Қазақстан өңірлік көшбасшыға айналып келе жатқанын атап өтті.
А.Маминнің айтуынша, Қазақстан жыл сайын мұнай мен газ өндіруді арттыруда. «Біздің өндіруіміз мұнай-химия, мұнайды қайта өндіру индустриясын одан әрі дамыту үшін басты факторға айналды», - деп, атап көрсетті. Сонымен қатар Премьер-министр отандық мұнайды қайта өңдеу зауыттарының қуаттылығы айтарлықтай артқандығын да атап өтті.
Сонымен бірге А.Мамин қаржы және экономикалық нарықтардың ірі күйзелістері Қазақстанды жаңартылатын энергия көздеріне назар аудартып, инфрақұрылымды осы секторда инновацияларды енгізуге дайындауға мәжбүрлейтіндігін де айтты.
KAZENERGY қауымдастығы 2006 жылдан бастап өткізіп келе жатқан осы іс-шара Каспий және Орталық Азия өңірлеріндегі энергетикалық сектордың басты халықаралық оқиғасын білдіреді. KAZENERGY форумы дүниежүзілік елдер үкіметтерінің, халықаралық энергетикалық ұйымдардың, дипломатиялық өкілдіктердің, қазақстандық және шетел энергетикалық сектор компанияларының, зерттеу институттары мен консалтингтік агенттіктердің қызығушылығын туғыздырады. Жыл сайын оған дүниежүзінің 50-ден астам елдегі 300-ден астам компанияның 2,5 мыңнан астам делегаты қатысады. Көптеген жылдар бойы беделді саяси фигуралар, дүниежүзілік аттаққа ие сарапшылар Форум қонақтары болды, бұл іс-шараның жоғары беделін көрсетеді.
Дереккөз: Kazenergy.com