Алматы қ. | 19 қараша 2014 ж. |
«Эксперт-200-Қазақстан» ретингінің қорытындысы бойынша, «Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы» АҚ («ОАЭК» АҚ) «Қазақстанның ірі жеке энергетикалық компаниясы» болып танылды. Компанияға берілген мұндай баға «ОАЭК» АҚ-ның құрамына Еуропалық Қайта құру және Даму Банкі (ЕҚДБ), Азия және Ислам Даму банкі (АДБ және ИДБ) кіретін акционерлерімен бірге жүзеге асырып жатқан инвестициялық даму бағдарламасының нәтижесі болып табылады.
Республика Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің жаңа «Нұрлы Жол – Путь в будущее» Жолдауында өзекті міндеттердің бірі ретінде түрғынүй-коммуналдық шаруашылықты жаңғыртуды белгілеп, бұл іске ірі институционалдық инвесторларды тарту қажеттігін атап өтті.
Аталған әріптестіктің басымдықтарына «ОАЭК» АҚ тәжірибесі дәлел: 2009 жылдан бері ЕҚДБ, ал 2011 жылдан бері Ислам Инфрақұрылым Қоры (АДБ және ИДБ бірлескен кәсіпорны) Компания акционерлерінің құрамына кіреді. Бұл уақыт аралығында «ОАЭК» АҚ энергетикалық қуаттылықтарды қайта құру, жаңғырту және құрастыру бойынша бірқатар сәтті жобаларды жүзеге асыпы, оларды қаржыландыру, техникалық сараптау және кейінгі пайдалану шараларын қамтамасыз етті. 2009 жылдан 2014 жылғы 31 қазанға дейінгі Компанияның инвестициялық салымдарының жалпы көлемі 102,6 млрд теңге болды. 2009-2018 жылдар аралығында «ОАЭК» АҚ жалпы сомасы 192 млрд теңгенің инвестициялық салымдарын іске асыруда жоспарлап отыр. Нәтижесінде инвестициялық бағдарламаның аяқталу сәтінде негізгі жабдықтардың тозуы 2009 жылғы 80% көрсеткіштен 39%-ға төмендейді.
«Институционалдық инвесторлармен әріптестіктің арқасында «ОАЭК» АҚ Қазақстан энергетика саласындағы вертикалды түрде біріктірілген ірі компаниялардың бірі болып табылады. «ОАЭК» капиталына халықаралық даму банктерінің қатысуы корпорацияның бизнес жүргізудегі ашықтығын көрсетеді және корпоративті басқарудың үздік тәжірибесін сақтаудың жарқын дәлелі», – деп атап өтті «ОАЭК» АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы Александр Клебанов.
Анықтама:
«Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы» акционерлік қоғамы – вертикалды түрде біріктірілген энергетикалық компания. Компанияның Қазақстан аймақтарындағы еншілес кәсіпорындары – «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ және «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ энергиямен қамтамасыз етудің барлық саласы: генерация, тасымал және өткізуді қамтиды. Астана қаласында «ОАЭК» АҚ өткізуші құрылым – «АСТАНАЭНЕРГОСБЫТ» ЖШС бақылайды. Салада ірі энергетикалық жобаларды аффилирленген инжинирингті компаниялар – «Институт «КазНИПИЭнергопром» АҚ және «Трест Средазэнергомонтаж» АҚ жүзеге асырады. «ОАЭК» АҚ жлуэлектр станцияларының белгіленген қуаты 2014 жылғы 31 қазандағы мәліметке сай, электр энергиясы бойынша – 1 061 МВт, жыл энергиясы бойынша – 2 895 Гкал құрайды. 2014 жылғы 31 қазандағы мәлімет бойынша, «ОАЭК» АҚ активтері – 201,5 млрд теңге.
«Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы» АҚ
Қоғаммен байланыс департаменті
Тел.: +7 (727) 258 49 48 (вн.2042)
public@energy.kz