Алматы қ. 25 қараша 2014 ж.

«Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы» АҚ «Ақмола электр желісін тарату компаниясы» АҚ-ның 48,41% акцияларын мионритарлық акционерлерден сатып алу мәмілесін аяқтады.

«Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы» АҚ («ОАЭК» АҚ) өз меншігіне «Ақмола электр желісін тарату компаниясы» АҚ-ның («АЭТК» АҚ, Компания) 48,41% акцияларын сатып алып, сол арқылы қоғам акцияларын 100% шоғырландырды. Бұған дейін, 2014 жылдың шілдесінде Компанияның 51,59% акциялары «ОАЭК» АҚ жарғылық капиталына оның бақылаушы акционері «Орталық-Азия жылу-энергетикалық компаниясы» АҚ тарапынан берілген болатын.
«АЭТК» АҚ сатып алу мәмілесі «ОАЭК» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен «ОАЭК» АҚ-ның аймақтық бағытта бизнесін кеңейту бойынша стратегиясына негізделіп мақұлданған. «Ақмола электр желісін тарату компаниясы» АҚ Ақмола облысының 14 ауданының, сондай-ақ, Астана қаласының тұтынушыларына қызмет көрсетуді жалғастырады.
Холдинг тарапынан жүргізіліп жатқан еншілес кәсіпорындардың активтерін жаңғырту бағдарламасына сәйкес, «ОАЭК» АҚ жедел дамып келе жатқан астана маңындағы аймақтың қажеттілігін қанағаттандыру және оны энергиямен қамту сенімділігін арттыру мақсатында «АЭТК» АҚ активтерін жаңарту және қайта құру шараларын жүргізбек.
«АЭТК» АҚ қайта құру жобаларына 2014 жылы жұмсаған инвестициялық салымдарының сомасы 2,89 млрд. теңгені құраса, 2017 жылға дейін бұл көрсеткіш 7,67 млрд. теңгені құрайтын болады. Инвестициялар басым бағыттар бойынша бөлінген – электр беру желілері мен энергетикалық қондырғыларды қайта құру, күрделі жөндеулер мен тұтынушыларға арналған ЭКЕАЖ қолданысқа енгізу. Инвестициялық бағдарламаны қаржыландыру кәсіпорынның өз қаражаты, Азиялық Даму Банкінен тартылған несие ресурстары, сондай-ақ, коммерциялық банктер есебінен жүргізілуде.

Анықтама:

«Ақмола электр желісін тарату компаниясы» акционерлік қоғамы («АЭТК») 01.03.2001 ж. құрылған. Компания өз қызметін Ақмола облысында көрсетеді. Қызмет көрсету аумағы 121 мың шаршы км. құрайды. «АЭТК» АҚ «KEGOC» АҚ арқылы Қазақстан бірыңғай энергетикалық жүйесіне қосылған, бұл Қазақстан Республикасы аймақтарында өндірілген электр энергиясын беруге мүмкіндік береді. 01.11.2014 ж. көрсеткіші бойынша «АЭТК» АҚ қызметкерлерінің саны 2 169 адамды құрайды.

«Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы» акционерлік қоғамы («ОАЭК») – вертикалды түрде біріктірілген энергетикалық компания. Компанияның Қазақстан аймақтарындағы еншілес кәсіпорындары – «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ және «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ энергиямен қамтамасыз етудің барлық саласы: генерация, тасымал және өткізуді қамтиды. Астана қаласында «ОАЭК» АҚ өткізуші құрылым – «АСТАНАЭНЕРГОСБЫТ» ЖШС, Ақмола облысында – «АЭТК» АҚ бақылайды.

«Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы» АҚ
Қоғаммен байланыс департаменті
Тел.: +7 (727) 258 49 48 (вн.2042)
public@energy.kz