БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Ислам Инфрақұрылымдық Қоры
«Орта-Азиялық Электрэнергетикалық Корпорациясы» АҚ капиталына кірді

Алматы қ. 25 сәуір 2011 ж.

«Орта-Азиялық Электрэнергетикалық Корпорациясы» акционерлік компаниясы (бұдан әрі - ОАЭК, Компания) 2011 жылдың 25 сәуірінде Ислам Инфрақұрылымдық Қорымен бірге (бұдан әрі - Қор, ИИҚ) жай акцияларға жазылу жолымен Компания капиталына кіру туралы Шартына қол қойды. Қор Компанияның жарғылық капиталына 50 млн. АҚШ долларын инвестициялайды.

Ислам Инфрақұрылымдық Қоры (ИИҚ) Ислам Даму Банкінің (IDB) және Азиялық Даму Банкінің (ADB) бірлескен қоры болып табылады. Сингапурде штаб-пәтері бар Capital Advisors Partners Asia (бұдан әрі - CapAsia) жеке компаниясы Қордың басқарушы компаниясы болып табылады.

ОАЭК-мен Шарт жасау Қордың Қазақстан Республикасындағы жеке энергетикалық компаниясының капиталына инвестициялау бойынша бірінші жоба болып табылады. Тартылған капитал Компанияның уәкілетті мемлекеттік органдардың келісімімен әзірленген және мақұлданған инвестициялық бағадарламасын жүзеге асыруға жұмсалады. Аталған бағдарламаға Компанияның Павлодар және Солтүстік-Қазақстан облыстарындағы генерациялаушы активтерінің қуатын арттыруға, өндірістің экологиялық көрсеткіштерін жақсартуға, қалдықтарды қайта өңдеуге, жылу мен электр қуатын жоғалтуды азайту мақсатында желілік активтердің қайта құрылуы мен жетілдіруіне байланысты атқарылатын шаралар кіреді.

Қормен Шарт жасау – бұл Компанияның халықаралық даму институттарымен деген ынтымақтастықтың дамуының жалғасы. 2009 жылы Компания инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыру үшін Компания капиталына Еуропалық Қайта құру және Даму Банкінің (ЕҚДБ) қаражаттарын тартқан болатын. Инвесторлармен жасаған келісімдердің талаптары бойынша Компания жобаны жүзеге асыру үшін өз қаражатын да жұмсайды.

«Орта-Азиялық Электрэнергетикалық Корпорация» АҚ Директорлар Кеңесінің Төрағасы Александр Клебанов атап өткендей: «Ислам Инфрақұрылымдық Қорының ОАЭК капиталына кіруі тек біздің Компания үшін ғана емес, тұтас елдің электр энергетикалық саласы үшін аса маңызды. Бүгінгі мәміле Қазақстанның электр энергетикасының жеке инвесторлары үшін де, ірі халықаралық даму институттары үшін де инвестициялық тартымды сала болып келе жатқандығының дәлелі. Бұл ең алдымен сала бойынша соңғы жылдары орын алып отырған жағымды өзгерістерге байланысты. Капиталға Азиялық Даму Банкі және Исламдық Даму Банкі сияқты инвесторлардың кіруі халықаралық даму институттарының біздің компания бизнесінің ашықтығына және мүмкіндіктерінің мол екендігіне деген үлкен сенімнің дәлелі».

CapAsia Президенті Доктор Иоганн Бастин былай деді: «Бұл біздің Орталық Азиядағы алғашқы инвестициямыз. Біз Орталық Азиядағы ірі жеке электр энергетикалық компаниясымен және бас инвесторлары болып табылатын Еуропалық Қайта құру және Даму Банкімен серіктес болғанымызға қуаныштымыз. ОАЭК компаниясы өзінің ұтымды менеджментімен, корпоративтік мәдениетімен және беделімен баурады. Біз компанияның пайдаланушы сипаттамаларын жақсартуға, қуатты пайдалану тиімділігін арттыруға және зиянды қалдықтарды азайтуға бағытталған ұтымды инвестициялық бағдарламасын қолдауға дайынбыз. Біз Қазақстанды Үкіметтің елдің инфрақұрылымын одан әрі дамытуды және қаржыландыруды қамтамасыз етуге жеке секторларды тарту амалын ұстанғандығынан ИИҚ үшін негізгі нарық деп танимыз».

ОАЭК Қазақстандағы аса ірі, жеке тікелей интеграцияланған, елдің электр қуатының 7 пайызынан артығын өндіретін энергетикалық Компания болып табылады. Компания 4 жылу электрлік орталықтарды (Павлодар ЖЭО-2 және ЖЭО-3, Екібастұз ЖЭО, Петропавл ЖЭО-2, Павлодар және Солтүстік-Қазақстан облыстарының электр желілерін, Павлодар, Екібастұз, Петропавл, Астана қалаларының жылу желілерін, Павлодар, Екібастұз, Петропавл, Астана қалаларындағы таратушы компанияларды біріктіреді. Компанияның Акционерлері «Орта-Азиялық отын-энергетикалық компаниясы» және Еуропалық Қайта құру және Даму банкі болып табылады.

Ислам Инфрақұрылымдық Қоры (ИИҚ) Исламдық Даму Банкінің (IDB) және Азиялық Даму банкінің (ADB) бастамасы бойынша құрылған. Қор ИДБ-нің және АДБ-нің аумақтық мүддесінің аясына кіретін Азия елдерінің экономикалық және әлеуметтік инфрақұрылымдық салаларын инвестициялайды.

CapAsia – Қытай мен Үндістаннан тыс жердегі экономикасы дамып келе жатқан Азия елдерінің инфрақұрылымдық жобаларына инвестицияны жүзеге асыратын жеке компания. 2006 жылы құрылған Компанияның Сингапурде, Куала-Лумпурда, Джакартада және Бангкокта кеңселері бар. Қазіргі уақытта CapAsia үш қор арқылы $ 460 миллионды басқарады. CapAsia өз тәжірибесін, ерекше жағрапиялық орнын, негізгі және орташа нарықтардағы қатысуын пайдалана отырып, ол басқаратын қорларда инвесторлар үшін бірегей артықшылықтарды ұсынады.
 
CapAsia қаржылық кеңесшісі –Blackstone Capital компаниясы, заңды сүйемелдеу – Chadbourne & Parke.

Қосымша ақпарат алу үшін хабарласыңыз:
Вакирова Елена – 8(727) 333 42 69, моб.: +7 (701) 208 17 14, +7 (701) 758 12 01,
E-mail: vakirova71@mail.ru