БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ
Петропавл қ. | 2015 ж. 18 қыркүйек |
«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Петропавл 2-ЖЭО қуаты одан да өсті: жылу-электр орталығында желіге жаңа К-63-90 турбоагрегат қосылды. Осылайша, Петропавл 2-ЖЭО-ның орнатылған электр қуаты 455 МВт құрайды. Турбоагрегатты пайдалануға беру жыл ішінде электр қуатын 500 млн кВтс астам өндіруге мүмкіндік береді.
Жаңа турбина 2-ЖЭО-ның электр қуатын 63 МВт-қа үлкейтеді. Бұл 2013 жылдан бастап станцияда енгізілген екінші жаңа турбина: ол, 1961 жылдан бері жұмыс істеп жатқан,мерзімін істеп шыққан және қайта жинақталған Т-42-90/1,2 турбоагрегаттың орнына орнатылған. 2013 жылы желтоқсан айында Петропавл 2-ЖЭО-да Т-50/60-8,8 турбоагрегат пайдалануға енгізілген. Осылайша, станцияның жалпы орнатылған қуаты 455 МВт құрайды. Турбина салудың жалпы сметалық құны 2013-2014 жылдар бағасында 5,6 млрд теңгеге тең. Жоба ресейлік өндіріс иелерінің қатысуымен жүзеге асты, компания олармен ұзақмерзімді келісімлер жасасқан. Петропавл 2-ЖЭО үшін турбина «Уральский турбинный завод» ЖАҚ әзірлеген болса, генераторды «ЭЛСИБ» ҒӨБ әзірледі.
«Жаңа турбоагрегаттың енгізуі станция жұмысының сенімділігін және үнемділігін көтереді, генерациялайтын жабдықтың тозуын 14%-ға төмендетеді. Өнімнің данасын шығаруына отынның үлесті шығыны азаяды, бұл жылына 37 мың тоннаға дейін көмірді үнемдеуге мүмкіндік береді, - деді «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ бас директоры Леонид Ларичев. – Компания жоспарында - №5 ст. турбоагрегатты, №1 және №2 қазан агрегаттарды ауыстыру, №12 ст. қазан агрегатты қайта құру. Жаңа жабдықтарды іске қосу арқасында станцияның мүмкіндіктері едәуір өседі, ол аймақтың жылу және электр қуатында өсіп жатқан мұқтаждықтарын қамсыздандыруға, сондай-ақ бизнес-жобалардың және Солтүстік Қазақстан облысы өнеркәсібінің дамуына мүмкіндік береді».
«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ 2-ЖЭО кеңейту және қайта құру тұжырымдамаға» сәйкес, 2012 жылдан бастап 2020 жылға дейін 7 турбоагрегатты және 6 қазан агрегатты ауыстыру мен қайта құру бойынша жоспарлар жүзеге асырылып жатыр: турбина цехінің жабдығы 71%-ға, ал қазандық цехінің 50%-ға жаңартылады. Бу турбиналарды және қазан агрегаттарды қайта құрудың барлық жоспарлары технологиялық процесті басқарудың автоматтандырылған жүйесін (ТП БАЖ) енгізуді көздейді, бұл жабдықтың өнімділігін көтереді және станцияның экологиялық көрсеткіштерін жақсартады.
Шекті тарифтердің мемлекеттік бағдарламасының нәтижелері бойынша, жаңа активтерді құру, сондай-ақ оларды кеңейту, жаңарту, қолдау, қайта құру және «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Петропавл 2-ЖЭО техникалық қайта жарақтандыру үшін салынған инвестициялардың мөлшері 34,5 млрд теңгеден астам құрайды, олардың ішінде 76,7% 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін игерілген. Шекті тарифтер бағдарламасының қаражаттарынан басқа, «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ өндірістік активтерді жаңғырту әсерін арттыру үшін өз капиталын инвестицияға салады және халықаралық қаржы институттардың инвестицияларын тартады.
Анықтама:
«СЕВКАЗЭНЕРГО» акционерлік қоғамы - Солтүстік Қазақстан облысы энергоқамтуының барлық тізбелерін - генерация, тасымалдау мен өткізуді қосатын тігінен ықпалдастырылған компания. Компанияға генерацияланған кәсіпорын – Петропавл 2-ЖЭО, тасымалдайтын кәсіпорындар – «Солтүстік Қазақстан Электржелістік Тарату Компаниясы» АҚ, «Петропавл жылу желілері» ЖШС, сондай-ақ, энергиямен жабдықтаушы ұйым – «Севказэнергосбыт» ЖШС кіреді. 2-ЖЭО-ның жалпы орнатылған электр қуаты 455 МВт, жылу энергия бойынша 791,65 Гкал/сағ. құрайды. «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ электр желілерінің қашықтығы 13 544,20 км, жылу желілерінің – 233,35 км құрайды. «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ өзіі өндіретін электр энергиясымен Солтүстік Қазақстан облысының 580 мың тұрғындарын, жылумен Петропавл қ. 206 мың тұрғындарын, соның ішінде 2,2 мың бюджеттік, өнеркәсіптік және коммерциялық кәсіпорындарын қамтамасыз етеді.
«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ акционері «Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы» АҚ болып табылады.
«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ қоғаммен байланыс бөлімі
Тел +7(7152) 41-29-39, e-mail: vopros_oso@sevkazenergo.kz