Алматы 14 желтоқсан 2013 жыл

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Петропавл 2-ЖЭО-нда №4 станциялық жаңа турбина салтанатты түрде іске қосылды.

«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ №4 турбогенератордың қуаттылығын 2 есе арттыруға бағытталған қайта құру және жаңғырту жұмыстары жобасын аяқтады. Турбина іске кіріскеннен кейін станцияның белгіленген электр қуаты 63 МВт-қа артып, 410 МВт-ты, жылу қуаты 96 Гкал/сағатқа артып, 874, 8 Гкал/сағатты құрайтын болады. Электр энергиясының жыл ішіндегі қосымша өндірісі 388,8 млн. кВт/сағатқа жетеді. Бұл – жазғы уақытта Солтүстік Қазақстан облысының 8 ауданын электр энергиясымен, ал Петропавловсктың шағын ауданының тұрғындарын түгел жылумен қамтамасыз етуге жеткілікті. Жаңа үнемді турбина, сондай-ақ, көмір шығынын жылына шамамен 64 мың тоннаға азайтуға мүмкіндік береді. Электр энергиясын үнемдеу мемлекеттік бағдарламасы аясында бұл өте маңызды шара, өйткені көмір – энергияның қайта жаңартылмайтын көзі болып табылады. Турбоқұрылғыны қайта жаңғыртуға жұмсалған қаражат 6,1 млрд. теңгені құрады. Бұдан бөлек, жаңа турбоагрегатпен жұмыс жасау үшін 2 жұмыс орны ашылып, 8 маманның ауысыммен жұмыс жасауына мүмкіндік туды.

№4 станциялық турбоагрегатты монтаждауға компанияның 2016 жылға дейін арналған қайта жаңғырту және техникамен қайта жарақтандыру инвестициялық бағдарламасының аясында жол ашылды. Істен шыққан Р-33-90 турбинасының орнына КТ-63-8,8 жаңа турбинасын орнату жұмыстары 2012 жылдың 1 ақпанынан басталған болатын. Жаңа турбинаның әзірлеушісі – Екатеринбург қаласындағы «Орал турбиналық зауыты» ЖАҚ. Жобаны іске асыру 2011 жылы басталды. Монтаждау жұмыстарына 210 маман қатысты. 50 жыл бойы қызмет көрсеткен ескі турбинаны демонтаждаудан соң, станцияда жаңа құрылғыны орнатуға кірісті. Турбина генераторын жеткізумен Новосибирск қаласының «ЭЛСИБ» ҮЕҰ айналысты. Турбоагрегаттың көмекші жабдықтары ресейлік және отандық өндірушілер тарапынан әзірленді.

Компанияның 2016 жылға дейінгі жоспарында №1 және №5 станциялардың турбоагрегаттарын ауыстыру және №12 станциялық қазандық агрегатты қайта жаңғырту, сондай-ақ, №8 станциялық қазандық агрегаттың монтажын аяқтау жұмыстары бар.

Жаңғырту бағдарламасы түгел аяқталған соң, қазандық агрегаттар саны 11-ден 12-ге артып, Петропавл 2-ЖЭО-ның белгіленген қуаттылығы 480 МВт-қа дейін артады. Бағдарламаның жүзеге асуы нәтижесінде, 2016 жылға қарай ескірген құрылғылардың 35-40 пайызы жаңа заманға сай, энергиялық тиімділігі жоғары құрылғылармен ауыстырылып, станция құрылғысы жұмысының сенімділігі 97 пайызға жетеді.

Өткен жылы Петропавл ЖЭО 2 410 195 640 кВт/сағат электр энергиясын және 1 918 269 Гкал/сағат жылу энергиясын өндірді. Станция жұмысының арқасында 580 мыңға жуық солтүстік қазақстандықтар күн сайын электр энергиясымен, ал Петропавловсктың 206 мың тұрғыны тұрақты түрде жылумен қамтылуда.

Анықтама:

«Орталық-Азия электроэнергетикалық Корпорациясы» акционерлік қоғамы – вертикалды түрде біріктірілген энергетикалық компания. Қазақстанның аймағындағы еншілес компанияларының қатарына қуатпен қамсыздандырудың барлық буыны – генерациялау, тасымалдау және өткізуді қамтитын «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ және «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ жатады. «АСТАНАЭНЕРГОСБЫТ» ЖШС арқылы «ОАЭК» АҚ Астана қаласындағы өткізу құрылымын қадағалайды. «ОАЭК» АҚ-ның белгіленген жиынтық электр қуаты – 974 МВт-ты, ал жылу қуаты – 2 881 Гкал/сағатты құрайды. Электр қуатын беру желілерінің жалпы ұзындығы – 30 мың шақырым, жылу желілерінің жалпы ұзындығы – 985 шақырым. Компания екі миллионнан астам адамды электр қуатымен қамтамасыз етеді. 

«ОАЭК» АҚ Қоғаммен байланыс департаменті
Тел. +7 (727) 258 49 41 (ішкі 217)