Петропавл қ.  2014 жылғы 25 сәуір

2014 жылғы 25 сәуірде Қазақстан Республикасы индустрия және жаңа технологиялар Министрлігімен 2013 жылда инвестициялық міндеттемелер туралы екі жақты Келісімнің орындалуы туралы «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Петропавл 2-ЖЭО-ның қоғамдық тыңдаулары өтті.

Осы келісімге сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкіметі, энергияны өндіретін станциялардың шекті тозуын есепке ала отыра, елдің барлық аумақтарын электр энергиямен қамтуына ұмтылып, «электр энергия туралы» заңы мен ҚР Үкіметінің 2009 ж. 10 наурыздан №277 қаулысын басшылығына ала отырып, 2009 жылдан бастап 2015 жылға дейін кезеңінде энергияны өндіретін ұйымдары үшін электр энергияға босату тарифтердің шекті деңгейлерін орнатты. Шекті тарифтерді енгізуінен табыс, станциядағы бар активтерді жаңғыртуына және техникалық қайта жарақтандыруына, қайта құруына, қолдауына, жаңартуына, кеңейтуіне және жаңа активтерді құруына бағытталған шараларды жүзеге асыру үшін пайдаланады.

Осы Қаулының ережелерінің негізінде, «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ 2009-2015 жылдарға энергетикалық кешенін жаңғыртуына ұзақ мерзімді бағдарламаны жетілдірді, ол ҚР индустрия және жаңа технологиялар Министрлігімен инвестициялық міндеттемелер туралы екі жақты Келісімді жыл сайын жасасу жолымен жүзеге асырылады. Бүгінгі күнге Келісімдер бойынша инвестициялық міндеттемелер: 2009 жылда - 1459,9 млн. теңге, 2010 жылда - 2472,4 млн. теңге, 2011 жылда - 3778,4 млн. теңге, 2012 жылда - 4352,9 млн. теңге, 2013 жылда - 5 654,6 млн. теңге (2009 ж. бастап 2013 ж. дейін кезеңі бойынша барлығы – 17 718,2 млн. теңге) құрайды.

Осылайша, 2013 жылда белгіленген шаралар толық көлемінде орындалды. Олардың ішіндегі ең ауқымдылары: №4 ст. Кт-63 жаңа турбоагрегатты пайдалануына енгізуі (1 712,843 млн.теңге) және «№2 күл үйіндісінің №3 секциясы» екінші іске қосу кешенін пайдалануға енгізуі, сондай-ақ, энергияны үнемдеу мен сенімділігін арттыру мақсатында қазан жабдығының жаңғыртуы (2 316,810 млн. теңге) және энергияны үнемдеу мен сенімділігін арттыру мақсатында турбинді жабдығының жаңғыртуы (411,147 млн. теңге) және т.с.с. болды.

Өткізілген шаралардың арқасында станцияның орнатылған қуаты өсті және бүгінгі күнге 434 МВт құрайды. 2012 жылға қарағанда, қазанагрегаттардың апаттық жөндеуде тоқтап тұруы  1514 сағатқа (49%) азайды. Сонымен қатар станция жабдығының іс жүзіндегі тозуы анағұрлым азайды: қазанагрегаттар бойынша – 13,12%-ға (бүгінгі күнге 70,27 % құрайды), турбоагрегаттар бойынша –9,97%-ға (бүгінгі күнге 69,12% құрайды). 2013 жылда жабдықтың зақымдануы 19 оқиғаға қысқарды және 27 оқиға құрды. Осыдан басқа, станцияда орнатылған электр қуатының нәтижелі пайдаланудың коэффиценті 5,59 % үлкейді, ал шартты отынның үлесті шығыны: электр энергия бойынша 10 г/кВтч, жылу энергия бойынша,18 кг/Гкал қысқартылды. Сондай-ақ, өзіндік мұқтаждығына электр энергияның шығыны 1,2%-ға азайды.

Анықтама:

«СЕВКАЗЭНЕРГО» акционерлік қоғамы («ОАЭК» АҚ еншілес кәсіпорны) - Солтүстік Қазақстан облысы энергоқамтуының барлық тізбелерін - генерация, тасымалдау мен өткізуді қосатын тігінен ықпалдастырылған компания. Компанияға  генерацияланған кәсіпорын – Петропавл 2-ЖЭО, тасымалдайтын кәсіпорындар – «Солтүстік Қазақстан Электржелістік Тарату Компаниясы» АҚ, «Петропавл Жылу Жүйелері» ЖШС, сондай-ақ, энергиямен қамтитын ұйым – «Севказэнергосбыт» ЖШС кіреді. 2-ЖЭО сомалық орнатылған қуаты 410 МВт, жылу энергия бойынша 874,8 Гкал/сағ. құрайды. «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ электр желілердің қашықтығы 13 566,40 км, жылу желілердің қашықтығы – 231,5 км құрайды.
 

«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ өзіндік өндіретін  электр энергиямен Солтүстік Қазақстан облысының 580 мың тұрғындарын, жылумен Петропавл қ. 206 мың тұрғындарын, соның ішінде 2,2 мың бюджеттік, өнеркәсіптік және коммерциялық кәсіпорындарын қамтиды.

«СЕВКАЗЭНЕРГО»АҚ
Қоғаммен байланыс бөлімі
Тел +7(7152) 41-29-39,
vopros_oso@sevkazenergo