19 қазан 2016 жыл Астана қ.

Павлодар, Екібастұз, Петропавловск қалаларының жылумен қамту жүйесін модернизациялау бойынша жобаларды іске асыру жайлы үшжақты келісімге қол қойылды. Келісім «Орта-Азиялық Электроэнергетикалық Корпорациясы» АҚ («ОАЭК» АҚ), ЕҚДБ мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Экономика Министрлігі арасында «Нұрлы Жол» инфрақұрылымдық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында қабылданды. Үш қаланың инфрақұрылымына салынатын инвестицияның 2016 мен 2020 жылдар аралығындағы жалпы сомасы 25,95 млрд теңгені құрайды.

Қазақстанның тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымын модернизациялау «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасында мемлекеттің инфрақұрылымдық дамуының басты талаптарының бірі ретінде анықталған. Қол қойылған үш жақты келісім тозу деңгейін төмендету, тасымалдау кезінде жылу энергиясының шығынын азайту мен 2020 жылға дейін нормативтен тыс шығындарды толықтай жою, тұтынушыларды жылумен қамтамасыз ету сенімділігін арттыру мақсатында жылу жүйелерін қайта құруға бағытталған.

ЕҚДБ ұсынатын қаржы «ОАЭК» АҚ-тың еншілес кәсіпорындары – «Павлодар жылу жүйесі» ЖШС мен «Петропавл жылу жүйесі» ЖШС-не арналған әрқайсы 4,65 млрд теңгеден тұратын екі қарыздан тұрады. Осы кәсіпорындар сонымен қатар «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасының аясында 9,3 млрд теңге қаржы алады, «ОАЭК» АҚ жобаларды іске асыру үшін өз кезегінде 7,35 млрд теңге бөледі.

Бес жыл бойы магистралдық және таратқыш жылу жүйелерін алдын ала оқшаулау құбыр жүйесін пайдалану арқылы қайта құру, пенополиуретан қабығын пайдалану арқылы айыруды қайта қалпына келтіру, сонымен қатар блоктық жылу бекеттерін құрастыру  жүргізіледі.

В течение пяти лет будет проведена реконструкция магистральных и распределительных теплосетей с использованием предизолированного трубопровода, восстановление изоляции с применением пенополиуретановой скорлупы, установка автоматической системы коммерческого учета тепловой энергии, а также строительство  блочных тепловых пунктов.

Атап өту керек, 2011 жылы орталықтандырылған жылумен қамту жүйесін модернизациялау мақсатында Солтүстік Қазақстанда жалпы сомасы 50 миллион доллар болатын жоба іске асқан болатын: ЕҚДБ Clean Technology Fund-пен біріге отырып «ОАЭК» АҚ-ға сомасы 40 миллион доллар несие ұсынды. «ОАЭК»-тың жобаға қатысуы 10 миллион долларға теңелді. 2011 мен 2015 жылдар аралығында жобаны іске асыру нәтижесінде Павлодар, Екібастұз бен Петропавловск қалаларында жылу энергиясын тасымалдау кезіндегі шығын көлемі 34,2%-дан 29,1%-ға түсті. Осылайша, қол қойылған келісім модернизациялау бойынша бұрын басталған жобалардың жалғасы болып табылады.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын модернизациялауға мемлекеттің қатысуы аймақтардың экономикалық өсуіне ықпал етеді.

Анықтама:
«Орта-Азиалық Электроэнергетикалық Корпорация» Акционерлік қоғамы («ОАЭК» АҚ) – сатылы біріктірілген энергетикалық компания. Қазақстан аумағындағы еншілес өнеркәсіптер – «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ мен «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ өзіне энергоқамтудың бар саласын қосады: өндіру, тасымалдау мен өткізу. Астана қаласында «ОАЭК» АҚ «АСТАНАЭНЕРГОСБЫТ» ЖШС-тің, Ақмола облысында «АРЭК» АҚ өткізу құрылымын бақылайды.

«ОАЭК» АҚ «Эксперт-200-Қазақстан» рейтингі бойынша ең ірі жеке энергетикалық компания болып мойындалды.

«ОАЭК» АҚ-ның Қоғаммен байланыс бойынша Департаменті
Тел.: +7 (727) 259 08 63 , моб: 8 701 734 70 55
pr@energy.kz