Петропавлда қайта қалпына келтірілген жатақхана пайдалануға берілді.
Көпқабатты үйдің кілттері жылу және жарықпен қамту мекемесінің қызметкерлері мен қала тұрғындарына табысталды. Жоба мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі аясында жүзеге асып отыр. Күрделі жөндеу жұмыстары компанияның қаржысына жүргізілді. Талай жылдан бері қаңырап тұрған бесқабатты ғимарат енді адам танымастай өзгерді. Осылайша энергетиктер күні 80-дей жұмысшы қоныс тойын тойлады. Олар жатахананы жалдап тұрады.
Денис Шишкин, энергетикалық компанияның бас инженері:
— Пәтердің жалдау ақысы арзан. Енді осында тұрып, өз үйімізге ақша жинаймыз. Бұл біз секілді жас отбасылар үшін үлкен көмек. Қуанышымда шек жоқ. Енді жақсы жұмыс істеп, үмітті ақтау керек.
Источник: 24.kz