Инвестициялық бағдарлама

«ОАЭК» АҚ-ның стратегиялық дамуының басты аспектілерінің бірі — өндірістің тиімділігін арттыру (атап айтқанда, негізгі қорларды жаңарту арқылы). Компанияда 2009–2021 жылдарға арналған инвестициялық бағдарлама іске асырылуда.

Инвестициялық бағдарламаны қаржыландыру көздері:

  • шекті тарифтердің инвестициялық құрамдас бөлшегі; 
  • шетелдік инвестициялар; 
  • өз қаражаты; 
  • несиелік ресурстар.

Инвестициялық бағдарламаның аясында төмендегі үш бағыт бойынша іс-шараларды іске асыру көзделіп отыр: 

  • генерациялауды арттыруға бағытталған іс-шаралар; 
  • экологиялық тиімділігін арттыру; 
  • электр және жылу қуатын үнемдеуге бағытталған іс-шаралар.

Генерациялауды арттыруға бағытталған іс-шаралар

Инвестициялық бағдарлама аясында энергетикалық жабдықтарды қайта құру арқылы өндіріс көлемін арттыруға бағытталған жобалар жүзеге асырылуда.

Іс-шаралар жоспарына сай Компания нысандарындағы 8 қазандық агрегатты (7-уі аяқталды) қайта қалпына келтіру, жаңа 3 қазандық агрегатты жөндеу (орындалды) және 9 турбоагрегатты (орындалды) айырбастау көзделіп отыр. 2019 жылға дейін электр және жылу қуатын өндіруді 38% және 1%-ға арттыру жоспарланып отыр. Орнатылған электрлік қуат 1 218 МВт мөлшеріне дейін өседі. Жылу қуатының орнатылған қуаты 2 981 Гкал-ға дейін өседі. Кәсіпорындардағы жабдық 64,5%-ға жаңартылады. Станциялардың техникалық жабдықтарын жаңартудың нәтижесінде өндіріс тиімділігі артады. Бір гигакалорияны шығаруға жұмсалатын шартты жанармайдың мөлшері 6,5 кг-ға төмендетіледі. 

Подробнее

Экологиялық тиімділікті арттыруға бағытталған іс-шаралар

Экологиялық тиімділікті арттыру мақсатында инвестициялық бағдарламаның аясында бір күл үйіндісінің сыйымдылығын кеңейту және екі жаңа күл үйіндісін салу жоспарланған.

Компания станцияларының барлық қазандықтарында екінші буынды батареялық эмульгаторлар орнатылған күлтұтқыш құрылғыларды (КҚ) қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Бұл іс-шаралар түтін газдарын тазарту дәрежесін арттыруға септігін тигізеді. Барлық қазандық агрегаттарына батареялық эмульгаторларды орнатқаннан кейін тазарту тиімділігі 99,7%-ды құрайтын болады. Қазанагрегаттарды азот қышқылын басу жүйелерімен жабдықтандыру жүргізіліп жатыр. Бұл өз кезегінде 2020 жылға дейін шоғырлануды 30%-ға төмендетеді. 

Подробнее

Электр және жылу қуатын үнемдеуге және шығынын төмендетуге бағытталған іс-шаралар

Тасымалдау кезінде электрэнергиясы шығынын азайту, тұтынушыларды электрэнергиясымен қамтамасыз ету сенімділігін арттыру мақсатында элекр жүйелерін қайта қалпына келтіру жүргізіліп жатыр.

Апаттар мен электрэнергиясын тонауды қысқарту үшін тақыр сымдарды өзі тасымалдайтын алдын ала оқшауланған сымдарға айырбастау жүріп жатыр. Компанияның барлық таратушы электржүйелері кәсіпорындарында электр энергиясын коммерциялық есептеудің автоматтандырылған жүйесі (ЭКЕАЖ) енгізіліп жатыр. Энергия үнемдеу бағдарламасы аясында тұтынушылардағы индукциялық есептегіштерді электронды есептегіштерге айырбастау жүргізіліп жатыр. Инвестициялық бағдарламаның аясында жүзеге асқан іс шаралар электр энергиясы шығынын 3%-дан астам қысқартуға мүмкіндік береді.

Жылу қуатының шығындарын қысқарту мақсатында жылумен қамсыздандыру жүйесін қалпына келтіру жүзеге асырылуда. Пайдалану ресурсы таусылған жылу желілерін жаңарту және ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.

«ОАЭК» АҚ-ның жылу қуатын беретін кәсіпорындарында жылу шығынының автоматты реттегіштері, өнеркәсіптік қадағалау құрылғылары және механизмдер мен бақылау-өлшеу аспаптарының диспетчерлік қызметпен байланысын қамтамасыз етуге арналған модемдер орнатылған. Жылу пунктерінің барлық жабдықтары бір желіге қосылады, бұл диспетчерлерге гидравликалық және температуралық режимге жедел түрде қадағалау жүргізуге, ал мамандарға келеңсіз және апаттық жағдайлар туындаған кезде жылдам шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

Жылу қуаты шығындалуының көздерін анықтау үшін жылулық тексеру аспаптары, магистральдық құбырларды қадағалау және диагностика жүргізу үшін қолданылатын ультрадыбыстық дефектоскоп пайдаланылады.

Инвестициялық бағдарламаны іске асыру аясында тасымалдау барысында шығындалатын жылу қуатының мөлшерін 2020 жылға дейін 10%-ға қысқарту көзделіп отыр. 

Подробнее