2015 жылы «ОАЭК» АҚ Қазақстан өңірлерінде станцияларды кең ауқымды жаңғырту жұмыстарын жалғастыруда. Жүзеге асырылған әрбір жоба – алға басылған айтарлықтай қадам, оның әрбірінің артында – кәсіби мамандардың тиімді командалық жұмысы ғана емес, сонымен бірге ол үшін жасалған қолайлы жағдайлар да тұр.
«ОАЭК» тобының бұл жылғы ең басты жетістігі ретінде жаңа турбоагрегаттарды пайдалануға беру бойынша екі ірі жобаның аяқталуын атауға болады. Оның арқасында Павлодар 3-ЖЭО электр қуаты 525 МВт-қа дейін артса, Петропавл 2-ЖЭО қуаты 455 МВт-қа жетті. 2015 жыл аяғына дейін біз Павлодар 3-ЖЭО-нда электрлік қуаты 125 МВт тағы бір турбоагрегатты іске қосуды жоспарлап отырмыз. Қазақстан заманауи энергетика саласы үшін бір жыл ішінде 3 турбинаны іске қосу – станцияны жаңарту бойынша абсолютті рекорд болмақ. Жаңғырту жобаларын сәтті жүзеге асыру құпиясы – қондырғыларды қатарға қосуға аянбай еңбек еткен команданың кәсібилігінде ғана жатқан жоқ. Сондай-ақ, мұндай жобаларды жүзеге асыру үшін жасалған қолайлы жағдайлар да маңызды роль ойнады. Бұл ретте энергетикалық нысандарды жаңғыртуға негіз болған 2009-2015 жылдарға арналған шекті тарифтер бағдарламасын атау қажет. Бұл бағдарлама жүзеге асырыла бастағанға дейін Қазақстанның энергия өндіруші кәсіпорындарының барлығында физикалық және моральдық тұрғыда әбден ескірген қондырғылар жұмыс жасап келген болатын. Ол уақытта қолданыста болған тарифтер станцияда кешенді жаңғырту-жаңарту жұмыстарын айтпағанның өзінде, қажетті көлемде жөндеу жұмыстарын жүргізуге де жеткіліксіз болатын. Бағдарлама енгізілген алты жыл ішінде энергия өндіруші салаға инвестиция түсе бастап, ол нарық қатысушыларына өздерінің негзгі жабдықтарын электр энергиясы тарифіне қосылған инвестициялық құрамдас бөлігінің есебінен жаңғыртуына мүмкіндік берді. «ОАЭК» АҚ бағдарламаның бұл артықшылығын өзінің өндірістік көрсеткіштерін арттыруға барынша пайдаланды: біздің станциялардың қуаты артып, олар әрі тиімді, әрі экологиялық тұрғыда таза бола бастады. Атқарылған кең ауқымды жаңғырту жұмыстарының арқасында 2 миллионнан астам тұтынушылар жылу және электр энергиясымен сенімді түрде қамтамасыз етілді.
«ОАЭК» АҚ нысандарындағы барлық жобалар жалпы бюджеті 192 млрд теңге, 2009-2020 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламасына сәйкес жүргізілуде. Қазіргі таңда бағдарламаның үштен екі бөлігі жүзеге асырылды, бұған біздің көрсеткіштер дәлел. 2009-2015 жылдар ішінде «ОАЭК» АҚ нысандарында өндірістік қуаттылықтардың 35% жаңартылды, белгіленген электрлік қуат 134 МВт-қа (12,4%) артса, белгіленген жылу қуаты 161 Гкал/с-қа (5,5%), ал босатылған жылу энергиясы – 602 мың Гкал-ға (9,1%) жоғарылады. Шекті тарифтер бағдарламасын жүзеге асыру қорытындысы бойынша өндірістік қуаттылықтардың 62%-дан астамы жаңартылды.
Біздің Корпорация үшін станцияларды жаңғырту – нақты жобалар, біз өзіміз қызмет ететін өңірлердің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін жақсартуға және Қазақстан электр энергетикасын дамытуға үлес қосуға әрдайым дайынбыз.