2016 жылдың басты қорытындысы — «ОАЭК» инвестициялық бағдарламаларының аясында белгіленген тапсырмаларды атқару нәтижесінде өндірістік көрсеткіштердің өсуі. Жылдың маңызды жобаларының ішінде «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша «ОАЭК» жылумен қамту нысандарын жаңартуды, сонымен қатар өңірлердің әлеуметтік жобаларының дамуына атсалысуды атап өте аламын.

2016  жыл Компаниялар тобының алдағы бес жылда дамуына әсер ететін негізгі тапсырмаларын айқындайтын Корпорацияның жаңа Стратегиясында есептеу нүктесі болды. Өндіру, энергия үнемдеу және қызметтің басқа салаларын өсіруге қатысты жаңа мақсатты көрсеткіштермен жұмыс істеген бірінші жыл Корпорацияның алға қойған тапсырмаларын орындап жүргенін көрсетеді.

2016 жылдың қорытындысы бойынша Корпорацияның белгіленген электр қуаты 2015 жылмен салыстырғанда 5,4%-ға, яғни 1 203 МВт-ға, жылу қуаты — 1,2%-ға 2 953 Гкал/с-қа өсті. 2016 жылдың 12 айында Корпорация электростанциялары шиналарынан электр энергиясын пайдалы жіберу көлемі 2015 жылмен салыстырғанда 8,4%-ға өсті.  Бұған қоса электр энергиясын өндіру көлемі 2016 жыл ішінде 7,8%-ға өсті.  2016 жылы электр- және жылуэнергияларының өндіріс көлемдерінің өсуі 2009 жылы басталған өндіруші активтерді қайта қалпына келтіру және жаңарту инвестициялық бағдарламаның аясында іске асырудың арқасында мүмкін болды. Осылайша, желтоқсанда Петропавл 2-ЖЭО-да жаңа №5 турбоагрегат қолданысқа берілді, бұл өз кезегінде станцияның белгіленген қуатын 479-дан 541 МВт-ға дейін өсірді. Сонымен қатар 2-ЖЭО-да №12 қазанагрегат қайта қалпына келтірілді, ал бұл станцияның номиналды буөнімділікті 270 т/с-қа өсірді. «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ-ның 3-ЖЭО-да 2016 жыл бойы №6 турбоагрегатты қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. 2009–2016 жылдар аралығында «ОАЭК» АҚ өндіруші активтері  54,9%-ға жаңарды. Бұл Қазақстан бойынша энергетикалық компаниялардың ішінде жоғары көрсеткіш болып саналады. Жаңарту компанияның өндіруші активтерінің қуат тиімділігін арттыруға үлес қосады, мұны шиналардан электр энергиясын пайдалы жіберу көлемдерінің өндіру көлемдерімен салыстырғанда әлдеқайда өсуінен байқауға болады.

Корпорация Стратегиясы бойынша маңызды бағыт — жылу қуатын жіберу кезінде нормативтен жоғары шығынды азайту бойынша жұмыс. Мақсатқа жету жолындағы кезекті қадам 2016 жылы жылумен қамту жүйесін жаңарту бойынша жобаларды іске асыруға бағытталған Еуропа Қайта құру және Даму Банкі (ЕҚДБ), Қазақстан Республикасының Ұлттық Экономика Министрлігі мен «ОАЭК» АҚ арасындағы «Нұрлы Жол» инфрақұрылымдық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында  үш жақты келісімге қол қою болды. Павлодар, Екібастұз бен Петропавл қалаларының жылумен қамту жүйесін жаңартуға салынатын инвестицияның 2016 мен 2020 жылдар аралығындағы жалпы сомасы 25,95 млрд теңгені құрайды. Өңірлердегі жылу қызметкерлері қайта қалпына келтіру жұмыстарын бастап та кетті: өткен жылы құбыр желісін қайта қалпына келтіру үшін және жылуды оқшаулауды айырбастауға 4,02 млрд теңге бөлінді.

«ОАЭК» Компаниялар тобы ЭКЕАЖ және ЖЭКЕАЖ — электр- және жылуэнергиясын есептеудің автоматтандырылған жүйесін енгізу бойынша жұмыстарды жалғастырады. Алдын ала мәліметтер бойынша, 2016 жылы электрэнергиясын жіберу кезіндегі шығын өткен жылға қарағанда 7,7-ден 7,5%-ға азайды. Жалпы процесстерді автоматтандыру мәселесіне Корпорация ерекше назар аударады. 2016 жылдың желтоқсанында Павлодар 3-ЖЭО-да өндірістік процестерді басқару процестерін қолдау ақпараттық-есептеу бағдарламалық кешенін ендіру жобасы басталды. Ол оптималды құрамның есебінен экономикалық тиімділікті арттыру, станцияның жұмыс тәртібін реттеуге және еңбекті көп қажет ететін есептеулерді автоматтандыруға арналған.

Электр беру жолақтары бойынша тоқ өткізу қабілетін кеңейту мақсатында «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» энергетиктері өткен жылы құрышалюмин сымдарды жоғарытемпературалы күшейтілген композиттік алюмин сымдарға айырбастауға кірісті. Бұл 2–3 есе көп қуат жіберуге мүмкіндік береді.

Корпорация жаңарту мен бизнесті дамытудың жаңа бағыттарына ғана емес, тұрақты өсуге де айрықша мән береді. 2016 жылы «ОАЭК» АҚ қоршаған ортаны қорғау, еңбек қауіпсіздігі және қорғау, қызметкерлерді жетілдіру және әлеуметтік серіктестік бойынша жобаларды іске асыруды жалғастырды. 2016 жылы әлеуметтік жобалар саны «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ қызметкерлері мен Петропавл тұрғындарына шағын жатақхана ашумен толықты. Серіктестік қарым-қатынас мәселелерді шешуге, өмір сапасын арттыруға, даму үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді.

2016 жылды қорытындылай отырып, өз тәжірибесі мен кәсібилігіне сүйене отырып, белгіленген тапсырмаларды тиімді шешуге атсалысып жүрген барлық қызметкерлер мен серіктестерге алғыс айтқым келеді.