"ОАЭК" АҚ компаниялар тобында өндірістегі қоршаған ортаны қорғауды басқару, өндіріс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеу, қоршаған ортаны қорғау саласындағы хабардарлықты арттыру бойынша үздік тәжірибелерді анықтауға бағытталған Экология бойынша өзара аудиттер жүргізіледі.
2018 жылы "ОАЭК" АҚ (Петропавл ЖЭО-2, Павлодар ЖЭО-3 және ЖЭО-2, Екібастұз ЖЭО) генерациялау объектілерінде ең үздік қолжетімді технологияларды (BAT Assessment) бағалауды қамтитын бастамашыл тәуелсіз экологиялық аудит жүргізілді. Халықаралық және жергілікті сарапшы-аудиторлар тобы қолда бар ең үздік технологияларға аудит және бағалау жүргізді және ұлттық және халықаралық стандарттарға сәйкес ластаушы заттардың шығарындыларын азайту және жұмыс істеп тұрған станциялардың экологиялық тиімділігін арттыру жөніндегі ұсыныстармен есеп құрастырды.
2021 жылы Корпорация өзінің 2 ірі станциясы үшін ең жақсы қолжетімді технологияларды енгізу бойынша алдын ала техникалық-экономикалық негіздеме жобасын әзірледі. Бұл жобада атмосфералық ауаға эмиссияларды қысқарту бойынша ең үздік қолжетімді технологияларды енгізу мүмкіндігі қарастырылып, ең оңтайлы нұсқалар бағаланды.