«АЭҮК» АҚ өткен жылдың күзінде бастау алған «Астана» шағын станциясының (ШС) қондырғыларын жаңғырту жобасын жүзеге асыруды жалғастыруда. Жаңғырту жұмыстары Азия Даму Банкі (АДБ) несиесі есебінен жүргізілуде. Жобаны 2015 жылдың тамызында аяқтау жоспарланған, нәтижесінде «Астана» ШС қуат трансформаторларының белгіленген қуаты 80 МВА-дан 126 МВА-ға, тиісінше 57,5%-ға артады.
Бірінші кезеңде астананың ескі орталығын және Астана қ. әкімдігі, бірқатар сауда орталықтары және тұрғынүй кешендері сынды стратегиялық нысандарды электр энергиясымен қамтамасыз ететін «Астана» 110/10 кВ шағын станциясының қондырғыларын жаңғырту көзделген.
«Астана» ШС жаңғырту қажеттілігі қолданыстағы қуаттылығы 40 МВА трансформаторларға айтарлықтай қысым түсуіне байланысты туындап отыр. Трансформаторлардың біреуін өшіргенде, екіншісіне түсетін қысым шекті нормадан асып түсіп, 140% құрайды. «Астана» ШСнан электр қуатын тұтынудың қарқынды өсуіне байланысты қуаттылығы 63,0 МВА екі трансформаторды орнату жобасы жүзеге асырылды.
«АЭҮК» АҚ қоғаммен байланыс бөлімі