2017 жылдың 7–11 тамыз аралығында материалдық-техникалық қамсыздандыру департаменті «ОАЭК» АҚ компаниялар Тобы қызметінің сатып алу процестерін саралау және жақсартуға бағытталған шаралар тізбегін өткізді. Қатысушылар ағымдағы жұмыстарды талқылап, жақын арада холдингке енгізу жоспарланып жүрген үздік тәжірибелермен танысты.
Өткізілген шаралардың мақсаты — 2017 жылдың І ширегінің жұмысын қорытындылау, «2017–2019 жылдарға сатып алу қызметін дамыту жол картасын» таныстыру, жаңа жобаларды таныстыру, сатып алуларды жоспарлау жүйесін енгізу, шешімді сатып алу стратегияларын жасау, KPI жүйесін және басқа да бағыттарды енгізу.
«ОАЭК» АҚ Материалдық-техникалық қамсыздандыру департаментінің директоры Дәурен Болатбекұлы ұйымның басты принциптері жайлы, компаниядағы сатып алу қызметінің дамуы жайлы әңгімелеп, «ОАЭК» сатып алулардың тиімділігі мен ашықтығын біртіндеп көтеріп жатқанын атап өтті.
Шаралар аясында қызметкерлердің дамуына ықпал ететін семинарлар мен өз-өзіңді дамытуға бағытталған тренингтер өтті.