«Орталық-Азия Электрэнергетикалық Корпорациясы» («ОАЭК» АҚ) 2017 жылдың алдын ала қорытындысын жасады. Корпорация өндірісті арттыру, электр- және жылуэнергиясын тасымалдау кезінде шығынды азайту және активтердің экологиялық параметрлерін жетілдіру мақсатымен жабдықтарды жаңартудың инвестициялық бағдарламасын жүзеге асыруды жалғастырады.
Компаниялар тобы бойынша электрэнергиясын өндіру өткен жылы 7,3 млрд кВт·с құрады. 2017 жылдың 12 айында Корпорация электрстанцияларының шиналарынан электр энергиясын пайдалы жіберу көлемі 2016 жылмен салыстырғанда 4,4%-ға артты. Сонымен қатар 2017 жылы электр энергиясын өндіру көлемі 2016 жылмен салыстырғанда 3,7%-ға өсті, бұл Павлодар 3-ЖЭО-да электрэнергиясын өндіру 5,5%-ға артуымен байланысты. «ОАЭК» АҚ жылу энергиясын жіберу көлемі 2016 жылмен салыстырғанда 5,1%-ға төмендеді және 6142,4 мың Гкалды құрады. Бұл жылыту маусымында сырттағы ауа температурасының едәуір жоғары болғанына және «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ тұтынушыларының бу қолдану көлемі төмендегенімен байланысты.
2017 жылы «Нұрлы Жол» инфрақұрылымдық даму мемлекеттік бағдарламасы және Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкінің несиелік қаражаты мен «ОАЭК» АҚ өз қаржысы шеңберінде Екібастұзда, Павлодарда және Петропавлда жылумен қамту желілерін жаңарту бойынша жобалар жүзеге асты. 2016 мен 2020 жылдар аралығында үш қаланың жылу желілерін жаңартуға бағытталған инвестицияның жалпы сомасы 25,95 млрд теңгені құрайды. Нормадан тыс шығын көрсеткіші 2017 жылы компаниялар тобы бойынша 2016 жылмен салыстырғанда 2,6%-ға төмендеді, бұл шығындардың 415,2 млн теңгеге азаюына әкелді. Жылу желілерін қайта қалпына келтіру 2018 жылы жалғасын табады және 2020 жылы аяқталады.
2017 жыл бойы «ОАЭК» АҚ бөлімшелерінде SCADA, ЭКЕАЖ және ЖЭКЕАЖ, ТП БАЖ сияқты зияткерлік энергожүйелерді енгізу жалғасын тапты. Еншілес кәсіпорындарда монтаждау және LPWAN сымсыз технология бойынша тұрмыстық тұтынушылардың электрэнергиясын есептеу және бақылаудың автоматтандырылған жүйесін (ЭЕБАЖ) тәжірибелік қолданысқа енгізу іске асқанын атап өту керек.
2016–2020 жылдар аралығындағы Стратегияға сәйкес Корпорация инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыруды жалғастырады: 2020 жылға дейін «ОАЭК» АҚ өндіріс активтерінің үлесін 54,9%-дан 65%-ға көтереді. Сонымен қатар Корпорация жоспарларына сәйкес 2020 жылы өңірлердегі кәсіпорындарда нормадан тыс жылу шығындары жойылады.