Алматы қаласы арнайыландырылған ауданаралық экономикалық соты «Время» газетіне «Монополия ойыны» («Игра в монополию») мақаласында жарық көрген «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ қызметіне нұқсан келтіретін және шындыққа сәйкес келмейтін ақпараттарды жоққа шығаруды міндеттеу туралы шешім шығарды.
Сот «Время» баспасы» ЖШС-ін «Время» газетінің сайтында жалған ақпаратты жоққа шығаруды міндеттеп, ол сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін баспа тарапынан орындалды.(http://www.time.kz/articles/risk/2014/09/04/igra-v-monopoliju).